2019 жылдың 18 наурызында Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті бірлесе отырып профессор, доктор Фуат Сезгин жылына орай «» атты конференция ұйымдастырды.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде өткен конференцияға құрметті қонақ ретінде Түркия Республикасы Президенттік Қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі және Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің оқытушысы профессор, доктор Мехмет Акиф Киречджи, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңес мүшесі профессор, доктор Мухиттин Шимшек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің декан орынбасары доктор Салтанат Жакубаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі доцент, доктор Қыдыр Төрәлі және Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер қатысты.
Конференцияда кіріспе сөз сөйлеген Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер конференцияның түркі әлемінің көрнекті ғалымы, марқұм профессор, доктор Фуат Сезгин жылына орай ұйымдастырылғанын атап өтіп, ғалымның түркі-ислам өркениетін әлемге танытуға үлкен үлес қосқанын еске салды.
«Ислам өркениетіндегі ғылым және технология» атты баяндамасында құрметті қонақ профессор, доктор Мехмет Акиф Киречджи ең алдымен өзін таныстырып өтіп, ислам өркениеті мен сол кезеңдегі технологиялық прогреске бала кезінен бері қызығушылық танытқанын мәлімдеді. Ислам тарихында ғылым мен ғылыми идеяның болғаны сөзсіз екендігін атап өткен профессор, доктор Мехмет Акиф Киречджи исламның негізінде сенім жатқаны өте маңызды екенін айтты. Арабияда қоғамның ислам бағытында өзгеруінен кейін сенім бірте-бірте басқа аймақтарға таралғанын баса айтып, Ислам тарихы жайлы баяндап берді.
Баяндама жалғасында профессор, доктор Мехмет Акиф Киречджи мұсылман түркі ғалымдары медицина, астрономия, инженерия және математика саласына көп үлес қосқанын мәлімдеді. Ол осы ғалымдардың жазған барлық кітаптары латын тіліне аударылғанын және XVIII ғасырға дейін барлық еуропалық жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылғанын тілге тиек етті. Өз сөзінде профессор, доктор Мехмет Акиф Киречджи рим және араб цифрлары мен «нөл» ұғымының ашылуы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, ол ислам өркениеті аясында түрлі салаларда (астрономия, робототехника, кибернетика, әскери технологиялар, су ресурстары, уақытты өлшеу, қағаз) жүргізілген технологиялық зерттеулер туралы қызықты мысалдар келтірді.
Конференция сұрақ-жауап және талқылау бөлімдерімен жалғасты. Бағдарлама соңында Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз профессор, доктор Фуат Сезгин жылына орай Ахмет Ясауи университеті түрлі бағдарламалар ұйымдастырғанын мәлімдеді және профессор, доктор Мехмет Акиф Киречджиге алғыс хатын табыс етіп, барлық конференцияға қатысушыларға рақмет айтты.