19 қараша 2018 жылы Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы, Түркия Республикасының Алматы Бас консулдығы және Түркия Республикасының Президентінің Мемлекеттік мұрағатының қолдауымен «Османлы Мемлекеті мен Орта Азия Хандықтары Қарым-қатынастары құжаттарының» көрмесі өтті.
19 қараша 2018 жылы Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы, Түркия Республикасының Алматы Бас консулдығы және Түркия Республикасының Президентінің Мемлекеттік мұрағатының қолдауымен «Османлы Мемлекеті мен Орта Азия Хандықтары Қарым- қатынастары құжаттарының» көрмесі өтті. Ашылу салтанатын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының директор орынбасары, Түркия Республикасының Алматы Бас консулы, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры және Юнус Эмре институтының директор орынбасыны өз сөздерімен бастады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының директор орынбасары Көкабаев Бейбітқали көрмені ұйымдастыруға өз үлестерін қосқан қонақтар мен мекемелерге алғысын білдірді.
Түркия Республикасының Бас консулы Риза Қаған Йылмаз, қөрменің маңыздылығына назар аударды және Қазақстанның алдындағы жағдайда Қазақ хандығы мен Осман империясының қарым-қатынастары дамығанын айтып өтті. Өз сөзінде Йылмаз көрмені дайындауға үлес қосқан барлық мекемелер мен ұйымдарға алғысын білдірді.
Ахмет Ясауи атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сумердің айтуынша, көрме Анатолия мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастар өткеннен бүгінгі күнге дейін үздіксіз жалғасып келе жатқанын көрсету үшін өте маңызды. Сүмер бұл қатынастардың үздіксіз жалғасуы Анатолия мен Орталық Азияға «ортақ мәдениет ауасы» сапасын сақтауға көмектескенін атап өтті
Астанадағы Юнус Эмре институтының директор орынбасары Алмагүл Иссина сондай-ақ көрменің мазмұнына тоқталды және мысал ретінде ресми хат-хабарды оқып берді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында ашылған көрмеге Осман империясы мен Орталық Азия хандығы арасындағы қарым-қатынас туралы 40 ресми құжат ұсынылды. Барлық құжаттар Түркия Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан алынды. Көрмеге енген құжаттарға 1713 жылы қазақ хан Мұхаммед Гайб хан және Османлы сұлтанның хаттары кіреді.
Атап айтқанда, (1713 жылғы 21 тамыздағы) Сұлтанның Қазақ ханы Мұхаммед Гайб ханға жолдаған хатының копиясы, 1713 жылғы 21 тамыздағы Қазақ ханы Мұхаммед Гайб ханның Султанға жіберген он түрлі сыйлықтарының кітабының көшірмесі, М. Лесардың Орталық Азия саяхатында туралы «Орта Азия № 1» атты баяндаманың тұсаукесері (1883), Түркістан аймағының Берлинде басылған картасы (1862) сияқты маңызды құжаттар ұсынылды. Бұған қоса, Бұқара, Хай және Қоқан хандығы мен Османлы мемлекетінің қарым-қатынасын көрсететін хаттар, құжаттар мен карталар қойылады.
«Османлы Мемлекеті мен Орта Азия Хандықтары Қарым- қатынастары құжаттарының» көрмесі 19-29 қараша аралығында Алматыдағы Қазақстан Орталық мұражайында көрмеге ашық болған.