2019 жылы 22 сәуірде Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшектің «Ғылым тарихы перспективасында технологияларды басқару» атты семинар-конференциясы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Берекет Кәрібаев конференцияға қатысушыларды Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент Доктор Вакур Сумер және Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшекпен таныстырды. Сонымен қатар Конференция тақырыбының маңыздылығына тоқтала отырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттарынан басқа студент жастардың да қатысып отырғандығын айта кетті.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сумер өз сөзінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісіне және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға конференцияны ұйымдастыруға қосқан үлесі мен қонақжайлығы үшін алғысын білдірді.
Іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан Еуразия ғылыми-зерттеу институтына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әкімшіліктеріне алғыс білдіріп, сөзін бастаған Шимшек мырза Қазақстандағы ең жетекші университеттердің бірі болған Әл-Фараби университетінде конференцияны өткізуге қуанышты екенін жеткізді.
Профессор Шимшек, Түркияда 2019 жылы Профессор Фуат Сезгін жылы деп жарияланғанын және оның маңызды түрік ғалымдарының бірі болғандығын айта келіп, өзінің семинар-конференциясын сол кісіні еске алу үшін өткізіп жатқанын атап өтті. Өмірін ғылым мен технологияға арнаған профессор Фуат Сезгін 70 жасқа дейін күніне 17 сағат жұмыс істегенін еске салған Шимшек мырза бүгінгі ұрпақтарға қарқынды дамып келе жатқан ғылым мен техниканы меңгерудің маңыздылығын түсіндірді.
Өткен жылы Қазақстанда қонақта болған Нобель сыйлығының иегері, ғалым Азиз Санжардың «Мен ақылға емес жұмысқа сенемін» деген қанатты сөзін мысал ретінде көрсеткен Шимшек мырза қарыштап дамыған бүгінгі дәуірде түркі әлемінің өз орнын қалай табуы керектігі туралы ойларымен бөлісті. Жаһанданған әлемде технологиядағы бәсекелестіктің маңызды кезеңдеріне баға берген Шимшек мырза, 1960 жылы технология саласындағы өндіріс үшін бәсекелестік болған болса, 1970 жылы өндірістің төмен өзіндік құны үшін бәсекелескенін, 1980 жылы сапа үшін бәсекелестік болғанын және 1990 жылдан кейін технологияда жылдамдық үшін бәсекелестік болғанын атап өтті.
Яғни, Шимшек мырзаның ойына сәйкес, өнімнің сапасы мен өзіндік құнына қоса нарыққа жылдам ұсына алған тарап бәсекелестерінің алдына шыға алады. Кейінірек 2000 жылдардың ең маңызды бәсекелестік тұжырымдамасы ретінде білім пайда болғанын және білімге ие болудың үлкен бір күш иесі болу мағынасына келгенін айтты. Сондай-ақ, ол жай ғана білімге ие болу жеткілікті болмағанын, сонымен қатар білімнің ұйымдастырылуы мен өндіріске бағыттап дайындауының да маңызын атап өтті. Бүгінде ғылым мен технологияның коммерциялану кезеңінде білімнің технологияға айналуы адамзат тарихы үшін өте маңызды даму үдерісі болып табылатын айтты. Әлемдегі алғашқы дамыған ауылшаруашылық қоғамынан кейін XVIII ғасырдан бастап Индустриялық революцияның алып келген өнеркәсіптік қоғамның және оның нәтижесінде адамзатпен жасалынған жұмыстардың технология арқылы жасала бастауы адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар Шимшек мырза XXI ғасыр білімді ең жақсы қолданған қоғамның ғасыры екенін айтты.
Сонымен қатар, егер ағымдағы ақпарат жақсы өңделмесе онда ауа ластануы мен қоршаған ортаның ластануы проблемалары сияқты ақпараттың ластануы проблемасы туындауы мүмкін және артық, қажетсіз, кейде қате ақпараттар адамдарды жұтып қоюы мүмкін деді. Оның айтуынша, ғасырлар бойы адамзат тарихында керемет оқиғалар болғанын, ал бүгінгі білім айтарлықтай жылдамдыққа ие болғанын баяндады. Whatsapp, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері жас ұрпақтың ойына қалай орналасқанын, Google және Apple сияқты ірі технологиялық компаниялардың бюджеті бірнеше мемлекеттің бюджетінен бірнеше есе үлкен екендігі сияқты қызықты ақпараттармен бөлісті. Бүгінгі күні ақпараттың басқарудың және білімнің жылдамдығына қалай үлгеру керектігі жайында бөлісті.
Конференция сұрақ-жауаппен жалғасты. Атап айтқанда, ғылымдағы оқиғалар Түркі халықтарының дамуына қалай әсер етуі мүмкін және ғылым мен техникадағы оқиғалар адамзаттың рухани құндылықтарына қалай әсер етуі мүмкін деген сұрақтарға Шимшек мырза тартымды жауап берді. Конференция соңында профессор Берекет Кәрібаев, профессор Мухиттин Шимшекке өзінің терең білімімен бөліскені үшін рахмет айтып алғыс хат табыстады.