2017 жылы 19 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Дәурен Әбен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде өткен «Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты.
2017 жылы 19 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Дәурен Әбен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде өткен «Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты. 21 қыркүйек – Халықаралық бейбітшілік күні, 26 қыркүйек – Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою күні және 1991 жылдың тамыз айында Қазақстан Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығының 26 жылдығына орай өткізілген дөңгелек үстелді БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің Алматыдағы кеңсесінің қолдауымен факультеттің БҰҰ жәрдемдесу орталығы мен «Полигон – 29 тамыз» қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
Кездесуге дипломаттар, антиядролық үкіметтік емес ұйымдардың белсенді азаматтары, академиялық қауымдастық өкілдері және жас зерттеушілер қатысты. Қатысушылар Семей полигонында жасалған ядролық сынақтың теріс әлеуметтік және экологиялық зардаптары, Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамалары және халықаралық таратпау режимінің қазіргі заманғы мәселелері сияқты түрлі тақырыптарды талқылады. Өз сөзінде Дәурен Әбен жақында қабылданған Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысты мәселелерді талқылап, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қоюдың қажетті шараларын белгіледі және болашақ ғалымдардың қызығушылығын тудыратын осы саладағы перспективалы ғылыми бағыттарды белгіледі.