2017 жылғы 2 қаңтар күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының үздік қызметкерлеріне медальдар табыс етілді. Қызмет медалімен марапаттау рәсіміне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры доцент міндетін атқарушы, доктор Мұстафа Эрен, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек және институттың академиялық әрі әкімшілік қызметкерлері қатысты.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Невзат Шимшек қызметтік медальмен марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Қазақстан Республикасы үкіметінің көреген, стратегиялық және парасатты саясаты арқасында тәуелсіздіктің 25 жылдығына қол жеткізгенін айтты. Тәуелсіздік мерейтойына орай, қызметкерлердің еңбегіне уәждемені арттыру және сапалы жұмысты ынталандыру мақсатында институтта жанқиярлықпен еңбек еткен тұлғаларға қызмет медальдарын тапсыру ниетін білдіріп, болашақ іскерлік өмірде сәттілік тіледі.
Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры доцент міндетін атқарушы, доктор Мұстафа Эрен қызмет медалімен марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының Орталық Азияда жылдам қарқынмен дамып келе жатқан институт екенін ерекше атап өтіп, институттың қазіргі жоғарғы деңгейіне жеткені үшін әуелі институт директоры Невзат Шимшекке және әрбір үлес қосқан қызметкерге алғыс білдіріп, келешекте тек табыс тіледі.
Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Айдарбек Амирбек, институт хатшысы Бақытжан Оспанов, Кадрлар бөлімінің меңгерушісі Ақкенже Кульбаева, шақырылған ғылыми қызметкер Хаял Айча Шимшек, аға ғылыми қызметкер Лидия Пархомчик және ғылыми қызметкерлер Женгизған Жаналтай мен Данияр Нұрбаевқа қызмет медальдары табыс етілді.