Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы Дала данышпанының тұлғалық болмысы мен мұрасын түрлі қырынан қарастыратын халықаралық баспадан шығатын рецензиялы кітаптың тарауларын жазуға байқау жариялайды.
«ҰЛЫ ДАЛА ДАНЫШПАНЫ – АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ»
(Туғанына 175 жыл толуына орай)
КІТАП ТАРАУЛАРЫНА БАЙҚАУ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы Дала данышпанының тұлғалық болмысы мен мұрасын түрлі қырынан қарастыратын халықаралық баспадан шығатын рецензиялы кітаптың тарауларын жазуға байқау жариялайды.
Төменде белгіленген тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан немесе қызығушылық танытқан сарапшылар мен зерттеушілерді келесі шарттарға сай аталмыш кітапқа өз үлесін қосуға шақырамыз.
A) Тараулар
1. Абайдың өскен ортасы мен заманы, оған әсер еткен тұлғалар
2. Абайдың өмірі мен әулеті
3. Абайдың қайраткерлігі
4. Абай және ұлт зиялылары
5. Абайдың әдеби мектебі
6. Абайдың әдеби шығармашылығы
7. Абай шығармаларына тілдік талдау
8. Абай философиясы
9. Абайдың тарихи көзқарастары
10. Абайдың педагогикалық көзқарастары
11. Абай және қоғам: әлеуметтану тұрғысынан
12. Абай шығармаларындағы дін және қоғам мәселелері
13. Абай және музыка
14. Абай шығармаларындағы әлеуметтік сын құралы – сатира
15. Абай шығармаларындағы табиғат
16. Абай шығармаларындағы әйел-ана
17. Оқулықтардағы Абай мұрасы
18. Абай көзқарастары және қазіргі Қазақстан
19. Абайтану: отандық және шетелдік зерттеулер
20. Абайдың шығармаларын шет тілдерге аудару мәселелері
21. Үміткерлер ұсына алатын басқа да тақырыптар (жоғарыда аталған тақырыптардан басқа ұсынылатын тақырыптар редактордың мақұлдауынан кейін қабылданады)
B) Өтінішке қойылатын талаптар
1. Әр тарау бір автор тарапынан жазылуы керек. Қажет болған жағдайда 3-тен көп емес автордың бірлескен өтініштері де қабылданады.
2. Авторлардың әр тараудың тақырыбына қатысты маман болуы және Абай туралы бұрын зерттеулері болуы шарт.
3. Зерттелетін тақырып бойынша қолданылатын зерттеу әдісін қамтыған кем дегенде 800 сөзден тұратын кеңейтілген аңдатпа дайындау керек. Өтініш кеңейтілген аңдатпамен қоса беріледі. Аңдатпада зерттеу тақырыбы, мақсат-міндеті, жаңалығы, әдіс-тәсілдері және зерттеуде қарастырылатын жалпы мәселелер негізделіп берілуі керек. Бұрын осы салада зерттеу жүргізгендер өз зерттеу еңбектерінің тізімін тіркеп жіберсе болады.
4. Бағалау нәтижесі бойынша өтінімдері қабылданған үміткерлер төменде көрсетілген мерзімде 5000 сөзден кем емес және 7000 сөзден аспайтын толық мәтінді жібері керек.
5. Мақалаларды рецензиялау кезінде редактордың түзету талабын орындамағандардың мақалалары аталған кітапқа кіргізілмейді.
6. Өтініш беру кезінде өтініш берушілер аты-жөні, өмірбаяны (CV), жұмыс орны, телефон нөмірі және т.б. нақты ақпаратты беруі керек.
C) Өтініш мерзімі
Өтініштер интернетте электронды форматта in**@eu***************.org немесе ka******@ho*****.com мекен-жайына жіберілуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 1 наурызы.
D) Тіл және жазу шарттары
Бөлім (тарау) авторларына мақаланы қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінің бірінде жазу еркі беріледі. Аталған кітап халықаралық баспадан (ағылшын тілінде) жарияланатын болғандықтан, ағылшынша жазу мүмкіндігі бар авторлардан бірден ағылшын тілінде жазуды сұраймыз.
1. Тақырып: тараулардың тақырыптарына қойылатын талаптар жоғарыда көрсетілген. Тараулардың авторлары белгіленген талаптан ауытқымай, тақырыпқа лайықты өзгеріс жасаса болады.
2. Аты-жөні мен мекенжайы: Автор(лар)дың аты-жөн(дер)і мен тек(тер)і қою, мекенжайлары қалыпты немесе көлбеу әріптермен жазылуы керек. Автор(лар)дың қызмет орыны, байланыс телефондары және электронды пошталары көрсетілуі керек.
3. Аңдатпа: Мақаланың басында мазмұнын қысқа әрі түсінікті жеткізетін, ең кемі 75, ең көп 150 сөзден тұратын аңдатпа болуы керек. Аңдатпада пайдаланылған сілтемелер, суреттер мен графика берілмеуі шарт. Аңдатпадан кейін бір қатар тастап, ең кемі 5, ең көбі 8 сөзден тұратын мақалаға қатысты, тиісті кілт сөздер берілуі тиіс. Мақаланың соңында тақырып, аңдатпа және кілт сөздер қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде берілуі керек.
4. Негізгі мәтін: А4 формат (29.7×21 см.) қағазында MS Word-да Times New Roman немесе ұқсас шрифтте, 12 өлшемде, қатар арасы 1.5-пен жазылуы керек. Беттің шеттерін 2.5 см. бос қалдырып, әр бет номерленуі шарт. Мақала көлемі аңдатпа мен пайдаланылған әдебиеттерді қосқанда 7000 (жеті мың) сөзден аспауы керек. Мәтіндегі маңызды мәліметтер көлбеу жазылады. Мәтіндегі тырнақшамен жазылғандарды көлбеу әріптер сияқты қосымшалармен үстемелеудің қажеті жоқ.
4.1. Әрбір тарау Абай туралы жеке-дара тақырыптарға арналғандықтан авторлар тиісті тараудың тақырыбынан ауытқымауы шарт. Мысалы, «Абай шығармаларындағы әйел-ана» тарауының авторы мүмкіндігінше Абайдың өмірі, шығармалары, дүниетанымы және т.б. қырларына тоқтамауы тиіс. Өйткені, олар басқа тарауларда өзге авторламен жан-жақты ашып көрсетілетін болады. Аталған кітап жоғарыда көрсетілген тараулардан құралғандықтан, қайталаулар болмауы шарт.
4.2. Тарауда тақырыптың өзектілігі, мақсаты, бағыты мен зерттеу әдістері ашып көрсетіліп, ең кемі екі абзацтан тұратын КІРІСПЕ бөлімнен тұру керек.
4.3. Тараудың соңында қарастырылған мәселе бойынша бір-екі абзацтан тұратын сараптамалық ҚОРЫТЫНДЫ бөлімі болуы шарт.
5. Бөлім (тарау) тақырыптары: Тарауда тақырыпты түсінікті, тереңдете жеткізу үшін басты, негізгі және қосымша тақырыпшалар қолданылуы керек. Басты тақырып (мәтін, сілтеме және қосымшалар) үлкен әріптермен, негізгі және қосымша тақырыптардың тек алғашқы әрпі бас әріппен және қою жазумен көрсетілуі керек.
6. Кестелер мен сызбалар: Кестелер номерленіп, тақырып қойылу керек. Кестелерде тік сызықтар қолданылмауы тиіс. Көлденең сызықтар тек қана кесте ішіндегі қосымша тақырыптарды бір-бірінен ажырату үшін ғана қолданылады. Номер кестенің үстінде, сол жағында тік жазылып, кестенің аты бас әріппен көлбеу жазылады. Кестелер мәтінде тиісті жерінде қойылуы шарт.
7. Суреттер: Пикселі жоғары, басу сапасына сай келетіндей етіп, мақалаға қосымша ретінде жіберілуі керек. Суреттердің атауы кескіндер мен диаграммалардағы бейнелерге сай болуы шарт.
Кескін, диаграмма және суреттер 5 беттен аспауы керек. Техникалық мүмкіндігі бар авторлар кескін, диаграмма және суреттерді жоғарыда атап өтілген сапада мәтіндегі қажетті жеріне орналастыруға рұқсат беріледі.
8. Цитата және сілтемелер: Тіке алынған цитаталар тырнақшамен беріледі. 2,5 қатардан аз цитаталар мәтін ішінде, 2,5 қатардан асатын цитаталар бір қатар астында екі жағынан 1,5 см бос орын қалдырып, 1,5 аралықпен мәтіннен 1 өлшем кіші жазылады. Мүмкіндігінше ескерту қолданбаған жөн, тек қана түсіндірме беруге болады, олар автоматты номерленуі керек.
Мәтіндегі сілтемелер жақша ішінде төмендегідей үлгімен жазылуы керек:
(Көпрұлы 1944: 15).
Бірнеше авторлы жарияланымдарға сілтеме жасағанда, тек бірінші автордың тегі және «т.б.» деп жазылады:
(Гокау және т.б. 2002: 18)
Мәтінде автордың аты аталса, дереккөз ретінде еңбегінің шыққан жылы ғана көрсетіледі:
Танпынар (1976: 131), осылай…
Шыққан жылы белгісіз еңбектердің тек қана автордың тегі, ал авторы көрсетілмеген энциклопедия сынды еңбектерде еңбектің аты жазылуы керек.
Екінші дереккөзден алынған сілтемелерде, түпнұсқа еңбек те көрсетілуі тиіс:
Көпрұлы (1926, Челик 1998 дан).
Сұхбаттың ауызша мәліметтеріне сілтеме жасалса, сұхбаттасушының тегі және сұхбат алынған уақыт көрсетілуі керек, олар әдебиеттер тізімінде де берілуі шарт. Интернеттен дерек алынған жағдайда, сайттың қысқаша аты және қаралған уақыты көрсетіліп, сайттың толық сілтемесі және жарияланымның уақыты (күні/айы/жылы) нақты жазылуы керек. Мысалы, (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, 2019)
Қабылданған мәтіндер сол саланың мамандары және арнайы антиплагиат бағдарламалары арқылы тексерістен өтеді.
9. Әдебиеттер тізімі: Мәтіннің соңында авторлардың тегі бойынша алфавиттік ретпен беріледі. Пайдаланылған әдебиет авторының тегі бірінші көрсетілуі керек.
Мысалы:
İsen, Mustafa (2010). Tezkireden Biyografiye. İstanbul: Kapı Yay.
Köprülü, Mehmet Fuat (1961). Azeri Edebiyatının Tekâmülü. İstanbul: MEB Yay.
Егер әдебиеттің екі авторы болса, онда еңбекте алғаш көрсетілген автордың аты-жөні бірінші жазылады.
Мысалы:
Taner, Refika ve Asım Bezirci (1981). Edebiyatımızda Seçme Hikâyeler. Başvuru Kitapları. İstanbul: Gözlem Yay.
Егер дереккөзде үш автордан көп болса, біріншісінің аты-жөні ғана жазылады, содан кейін «т.б.» немесе «тағы басқалары» деп көрсетіледі.
Мысалы:
Akyüz, Kenan vd. (1958). Fuzulî Türkçe Dîvân. Ankara: İş Bankası Yay.
Кітаптар мен журналдардың атаулары көлбеу жазылады. Мақалалар мен кітап тараулары сияқты дереккөздер тырнақшаға алынады. Көптомдық кітаптардың жалпы бет нөмірі көрсетілмейді; журнал, энциклопедия мақаласы, кітап тарауы сияқты қысқаша дереккөздерде пайдаланылған бөлімнің беттері туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі керек.
Мысалы:
Berk, İlhan (1997). Poetika. İstanbul: Yapı Kredi Yay.
Demir, Nurettin (2012). “Türkçede Evidensiyel”. bilig, Türk Dünyası Sosyal Bilimler Dergisi 62: 97-117.
Кітапты аудару, құрастыру, баспаға әзірлеу немесе өңдеумен айналысқан адамның аты-жөні автор мен еңбек туралы ақпараттан кейін көрсетіледі.
Мысалы:
Shaw, Stanford (1982). Osmanlı İmparatorluğu. Çev. Mehmet Harmancı. İstanbul: Sermet Matb.
Егер пайдаланған әдебиеттер тізімінде бір авторға тиесілі бірнеше жұмыс көрсетілсе, онда автордың бірінші жұмысын жазғаннан кейін басқа еңбектерінде аты-жөнін қайта жазудың қажеті жоқ, оның орнына ұзын сызықша белгісі қойылады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде бір авторға тиесілі бірнеше жұмысты автордың тегі бойынша орналастыруға келмесе, жұмыстың атауы бойынша алфавиттік ретпен беріледі.
Мысалы:
Develi, Hayati (2002). Evliya Çelebi Seyahatnamesine Göre 17. Yüzyıl Osmanlı Türkçesinde Ses Benzeşmesi ve Uyumlar. Ankara: TDK Yay.
_______ (2003). XVIII. Yüzyıl İstanbul Hayatına Dair Risâle-i Garîbe. İstanbul: Kitabevi.
Егер автордың бір күнде жарияланған бірнеше еңбегі болса, дереккөздер а, б әріптері арқылы көрсетілуі керек.
Мысалы:
Develi, Hayati (2002a). Evliya Çelebi Seyahatnamesine Göre 17. Yüzyıl Osmanlı Türkçesinde Ses Benzeşmesi ve Uyumlar. Ankara: TDK Yay.
Develi, Hayati (2002b). XVIII. Yüzyıl İstanbul Hayatına Dair Risâle-i Garîbe. İstanbul: Kitabevi.
Энциклопедия мақалаларында мақаланың авторы белгілі болса, оның аты-жөнінен кейін тиісінше мақаланың жазылған күні, тырнақша ішінде мақаланың атауы, энциклопедияның толық атауы, том нөмірі, жарияланған жері, баспа үйі және беттері көрсетілуі керек:
Мысалы:
İpekten, Haluk (1991). “Azmî-zâde Mustafa Hâletî”. İslâm Ansiklopedisi. C. 4. İstanbul: Türkiye Diyanet Vakfı Yay. 348-349.
Диссертацияларға сілтеме берілген кезде алдымен диссертация авторының аты-жөні, одан кейін диссертацияның жазылған күні, көлбеумен диссертацияның толық атауы, диссертация түрі, диссертация қорғалған қала және жоғары оқу орнының атауы көрсетіледі:
Мысалы:
Karakaya, Burcu (2012). Garîbî’nin Yûsuf u Züleyhâ'sı: İnceleme-Tenkitli Metin-Dizin. Yüksek Lisans Tezi. Kırşehir: Ahi Evran Üniversitesi.
Қолжазбалар автор. қолжазбаның атауы. кітапхана. тізімдеме. каталог нөмірі. беті. түрінде көрсетілуі қажет:
Мысалы:
Âsım. Zeyl-i Zübdetü'l-Eş‘âr. Millet Kütüphanesi. A. Emirî Efendi. No. 1326. vr. 45a.
Интернеттегі мақалаға сілтеме жасау үшін автордың аты-жөні. «мақаланың атауы». интернет сілтемесі. (кіру күні) сияқты ақпаратты беру жеткілікті.
Мысалы:
Türkiye Cumhuriyet Merkez Bankası. ”Geçinme Endeksi (Ücretliler)” Elektronik Veri Dağıtım Sistemi. http://evds.tcmb.gov.tr/ (Erişim Tarihi: 04.02.2009).
Әлі жарыққа шықпаған, бірақ жариялауға қабылданған мақалаға сілтеме келесідей түрде беріледі.
Мысалы:
Atılım, Murat ve Ekin Tokat (2008). “Forecasting Oil Price Movements with Crack Spread Futures”. Energy Economics. Baskıda (doi:10.1016/ j.eneco.2008.07.008).
E) Басқа мәселелер
Кітап тарауларының авторларына институт тарапынан белгілі сомада қаламақы төленеді.
Кез келген сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болса, +7 707 201 3734 номеріне және ka******@ho*****.com электронды мекенжайына хабарласуға болады.