Еркінай Оңғарова семинарда негізінен Каспий теңізіндегі мол энергия көздерінің маңызына тоқталып, Каспий теңізінің Қазақстанның сыртқы саясатындағы рөлін баяндады. Ең әуелі Совет үкіметінен кейін пайда болған статус мәселесі бойынша жүргізілген келіссөздер және соңғы 2018 жылы қол жеткізген келісімшарт туралы талдау жасаған. Осыған орай Халықаралық теңіз құқығы аясында баға берген. Ол Н. Назарбаевтың осы бағытта қолға алған интеграция және көп векторлы саясатының нәтижелі болғанын атап айтты. Жалпы 1990-2019 жылдар арасы Каспий теңізі аясында жасалған энергиялық бастамаларына қысқаша қорытындылады.

Семинар жалғасында Оңғарова Қазақстан Республикасының мемлекет деңгейінде энергетика саласын дамыту мақсатында қолға алған бағдарламаларын түсіндірді. Каспий теңізінің энергетика алаңын және энергетика тасымалдайтын жобалары мен инвесторлары туралы ақпарат берді.

Сщнымен қатар Назарбаевтың лидер ретінде жүргізіп отырған сыртқы саясаты арқасында халықаралық аренада Қазақстанның Орта Азияның жарқыраған жұлдызы ретінде мәртебесін көтергенін айтты. Осыған орай Каспий теңізі аясында жасалған энергетика бастамалары нәтижелі болуымен қатар елдің экономикалық жағынан өсуіне ықпал еткенін және сыртқы саясатта бейбітшілікті сақтап отырғанын атап өтті.

Семинар аяғында қатысушылар Каспий теңізінің Еуразия аймағы үшін маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар директор доктор доцент Вакур Сумер мырза тақырып бойынша сұрақтармен қатар келешекте зерттеу тақырыптарына байланысты өз ойымен бөлісті.