Конференцияға Түркия Республикасының Ресейдегі Өкілетті және төтенше елшісі Мехмет Самсар, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз, Гази университеті ректоры профессор, доктор Ибраһим Услан, Түркияның мемлекеттік мұрағаттар басқармасының бас директоры, профессор, доктор Угур Үнал, Ахмет Ясауи университетінің ректор өкілі профессор, доктор Женгиз Томар, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес мүшесі профессор, доктор Мухиттин Шимшек және екі елдің көптеген мамандары қатысты.
Ашылу рәсімінен кейін конференция әр түрлі тақырыптағы сессиялармен жалғасты. Конференцияда тиісінше «Ресейде түрік тілін үйрену», «Ресейде Түркияның және Түркияда Ресейдің таныстырылуы», «Ресей мен Түркияның экономикалық қатынастары», «Ресей мен Түркияның мәдени-тарихи қатынастары» атты сессиялар өткізілді. Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер конференцияның «Ресей мен Түркияның экономикалық қатынастары» сессиясында «Ресей және Түркия ынтымақтастығындағы жаңа мүмкіндіктер: жаңартылатын энергия» атты тақырыпта баяндама жасады. Конференция қорытынды жалпы отырыспен аяқталды.