Сапар барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов Ұлттық кітапхананың тарихын қысқаша түсіндіріп өтіп, кітапхана туралы баяндап берді. Сейдуманов Ұлттық кітапханада сақталған тарихи шығармалар мен ескі кітап жинақтары туралы мағлұмат берді.
Сапар барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов Ұлттық кітапхананың тарихын қысқаша түсіндіріп өтіп, кітапхана туралы баяндап берді. Сейдуманов Ұлттық кітапханада сақталған тарихи шығармалар мен ескі кітап жинақтары туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, Түркиядағы Сүлеймание және Ұлттық кітапхана сияқты мекемелермен тығыз байланыста екендерін, олардың қызығушылық танытуы қазақ пен түрік халқының достығына үлес қосатынын және осы бағытта қызмет ететін мекемелермен ынтымақтастыққа әрдайым ашық екендерін мәлімдеді.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдумановқа ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін өз алғысын білдірді. Институттың мақсаты, міндеті мен қызметі туралы ақпарат берген Сүмер екі мекеме арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлеріне Еуразия ғылыми-зерттеу институтының басылымдарын сыйға тартты. Кездесу соңында тараптар екі мекеме арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою бойынша келісті.