Семинарында Таджиев Хамидулла ақын Шәді Жәгірұлының қысқаша өмірбаянына тоқталып өтіп, бұл тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізуінің басты мақсаты мен қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетіні туралы баяндады. Шәді Жәгірұлының шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгергенін, дәстүрлі тақырыптарды дін және білім тұрғысынан зерттеп, оны өлең жолдарына түсіргенін айтты. Ол бүгінгі ұрпақтар үшін Шәдінің өлеңдері аса маңызға ие екенін атап өтті.

Шәді Жәгірұлы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазған. Хамидулла ақынның діндар қаламгер болғанын айтып, оның діни негізде жазылған «Сияр-шәріп», «Фех-қайдан», «Ахуал-қиямет» т.б. дастандарын атап шықты. Ресей империясының басқа халықтарды күштеп қоныс аударғаны туралы айтып, оның арты ауыр салдарға әкелгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, баяндамашы ақынның туған жері Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазыналы оңтүстік» атты көп томдық шығармасы жарияланып, халыққа ұсынылғанын айтты.
Кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білген қазақтың ғұлама шайыры Шәді Жәңгірұлының қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосқанын атап өтті, жас ұрпақ үшін ақынның шығармаларын оқудың маңызы зор екенін тілге тиек етті.
Семинар соңында қатысушылар баяндамашыға сұрақ қойып, осы тақырып бойынша пікір алмасты.