Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған Конференцияға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы, Назарбаев университеті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған Конференцияға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы, Назарбаев университеті Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры, PhD доктор Александр Моррисон, «Интеллект орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының Бас директоры, т.ғ.д., профессор Мажитов Саттар Фазылович, Вильнюс университетінің профессоры, п.ғ.д. Римантас Желвис, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, э.ғ.д., доцент Невзат Шимшектің атынан институт ғылыми қызметкері Женгизхан Жаналтай және э.ғ.д., доцент Айча Шимшек қатысты. Конференцияда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры п.ғ.к. Динар Нөкетаева модератор болды.
Конференцияның ашылу рәсімінде бірінші болып сөз сөйлеген п.ғ.к. Динар Нөкетаева өз сөзін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаудан бастады. П.ғ.к. Динар Нөкетаева тәуелсіздіктің алғашқы күндеріндегі экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне тоқталып, бұл мәселелерді шешуде Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдына қойған мақсаттарға жетудің маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсатына сәйкес бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқаны туралы баяндады.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д. Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздігінің бұл аумақта түрлі ұлт пен ұлыстардың өзара тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің қамтамасыз етілуі мен сақталуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен үлес қосқанын мәлімдеді. «Интеллект орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының Бас директоры, т.ғ.д., профессор Мажитов Саттар Фазылович «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: жетістіктер негіздері мен келешек мақсаттары» атты баяндамасында Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, осы даму үдерісінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғанын айтумен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «25 жылда жеткен жетістіктеріміз халықтың арқасы» деген сөздерімен бөлісті.
Конференцияның ашылу рәсімі барысында Назарбаев университеті Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры, PhD доктор Александр Моррисон өз сөзінде Назарбаев университеті туралы әр түрлі мағлұмат берді. Назарбаев университетінің 2009 жылы құрылғанын, университетте инженерлік, жаратылыстану ғылымдары және технология мамандықтары мен әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бөлімдерінің болғаны жайлы баяндады. Сондай-ақ, Назарбаев университетінің Қазақстанның білім беру секторы үшін үлкен инвестиция болып табылатынын атап өтті.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы «Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи ой-сананың дамуы» атты баяндамасында тарихи ой-сананың қалыптасу маңыздылығына назар аудара отырып, адамдардың өз тарихын ұмытпауы және өзге елдердің тарихынан сабақ алуы мәселелеріне тоқталып өтті. Вильнюс университетінің профессоры, п.ғ.д. Римантас Желвис өз сөзінде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде Болонья үдерісі мен Қазақстан және Литваның бетке ұстар университеттерінің түрлі университет тізімдерінде орын алғаны туралы ақпарат берді. Екі елдің білім беру жүйелерін дамытуда бір-бірімен өз тәжірибесімен бөлісу арқылы екі ел арасында білім беру саласындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту әлеуетінің болғаны туралы түйіндеді.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, э.ғ.д., доцент Айча Шимшек өз сөзін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаудан бастады. Айча Шимшек 1991-2015 жылдары Қазақстан экономикасында мемлекеттік сектор тепе-теңдігінің дамуы туралы ақпарат берді. Баяндама барысында 2015-2020 жылдары жүзеге асырылатын жаңа бюджет саясаты мақсатының мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін нығайту екендігін атап өтті. Сондай-ақ, 2015 жылы жалпы мемлекеттік қарыздың 5,19 млрд. теңгені құрағанын айтты. 2015 жылы жалпы мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-нің 3,8%-ын құрағанын және бұл көрсеткіштің 2020 жылға қарай жоғары сыртқы қарыз есебінен 6,4%-ға дейін көтерілуі күтілуде деп мәлімдеді.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының тағы бір ғылыми қызметкері Женгизхан Жаналтай Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар туралы баяндама жасады. Түркияның Қазақстанға инвестиция жасауда энергетикалық секторды санамағанда төртінші ірі инвестор екенін ерекше атап өтті. Екі ел арасындағы экспорт пен импорттың құрылымы туралы берген ақпаратында Түркияның Қазақстанға негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарлар мен қиын өндірілетін тауарларды экспорттағанын, ал Қазақстаннан негізінен шикізат өнімдерін импорттағанын айқындады. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеуде пайдаланылатын толықтырушы индекс нәтижелеріне сәйкес екі ел арасындағы тауар айналымын дамыту Қазақстан үшін пайдалы болады деп мәлімдеді. Сөз соңында Қазақстанның алдағы жылдары әрі экономикалық, әрі саяси жағынан дами түсетініне сенім білдіріп, тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып, баяндамасын аяқтады.
Ашылу рәсімі барлық баяндамашылар сөз сөйлеп болғаннан кейін аяқталды. Конференция түстен кейін ұйымдастырылған отырыстармен жалғасып, жабылу отырысымен тәмамдалды.