Түрік әуе жолдарының (THY) қолдауымен Еуразия ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті бірлесіп ұйымдастырған конференцияға THY Алматы компаниясының директоры Хасан Саваш Ерден, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер,...
Түрік әуе жолдарының (THY) қолдауымен Еуразия ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті бірлесіп ұйымдастырған конференцияға THY Алматы компаниясының директоры Хасан Саваш Ерден, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы профессор, доктор Ықтияр Палтөре, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының меңгерушісі доцент, доктор Қыдыр Төреәлі, факультет қызметкерлері мен ғалымдары қатысты.
Конференцияның ашылуында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы профессор, доктор Ықтияр Палтөре Таяу Шығыс техникалық университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры, доктор Хусейн Багджы халықаралық деңгейде танылған халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы екенін атап өтіп, оның Алматыға келгеніне өте қуанышты екенін айтты.
Конференцияда сөйлеген сөзінде профессор, доктор Хусейн Багджы түрік сыртқы саясатының негізгі динамикасы, өзгерістері мен дамуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берумен қатар, түрік сыртқы саясатының келешегіне қатысты болжамдармен бөлісті. Багджы түрік сыртқы саясатының негізгі деректерінің бірі тарихи дамуы екендігін айтты. Ол Түркияның сыртқы саясатына тоқталып өтіп, Түркия империядан ұлттық мемлекетке айналған ел екеніне ерекше назар аударды. Себебі бұрын көптеген өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан ел ретінде Түркия мәдениет жасаудан гөрі мәдениеттерді басқарғанын, түрік сыртқы саясатын мәдени тұрғыдан да зерттеу керектігін айтты. Конференция барысында 1950-ші жылдардан кейінгі түрік сыртқы саясатының өзгерістерін түсіндіре отырып, Түркия-НАТО және Түркия-Еуропа Одағы (ЕО) қарым-қатынастарының тарихи дамуы туралы айтып берді. Осы орайда аймақтық актор ретінде Түркияның еуропалық қауіпсіздікте маңызды рөл атқаратынын және Түркияның ЕО-дан бас тартпайтынын мәлімдеді. Багджы Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болып табылатын Түркия сыртқы саясатының негізгі бағыты Батыспен байланысты екенін және болашақта да солай болатынын, сондай-ақ Түркияның Шығыспен қарым-қатынастарын да одан әрі дамыта беретінін тілге тиек етті.
Конференция соңында қатысушылар түрік сыртқы саясаты мен Түркия-Орталық Азия қатынастарына қатысты түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.