Семинарда доктор Ерғали Есбосынов Ресей дереккөздеріндегі Лозанна бейбітшілік келісіміне қатысты ғылыми зерттеулер туралы толық мағлұмат беріп, бұл тарихи оқиғаны не себепті зерттейтіні туралы баяндап берді. Есбосынов Қазақстанның бұрын Кеңес Одағының мүшесі болғанын, сондықтан да Кеңес Одағы қазақтар атынан шешім қабылдап, маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті. Лозанна бейбітшілік келісімі туралы ғылыми зерттеулер кеңестік кезеңнің шарттарына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Есбосынов зерттеу барысында тап болған қызықты дереккөздер туралы әртүрлі ақпаратпен бөлісті.
Семинарда доктор Ерғали Есбосынов Ресей дереккөздеріндегі Лозанна бейбітшілік келісіміне қатысты ғылыми зерттеулер туралы толық мағлұмат беріп, бұл тарихи оқиғаны не себепті зерттейтіні туралы баяндап берді. Есбосынов Қазақстанның бұрын Кеңес Одағының мүшесі болғанын, сондықтан да Кеңес Одағы қазақтар атынан шешім қабылдап, маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті. Лозанна бейбітшілік келісімі туралы ғылыми зерттеулер кеңестік кезеңнің шарттарына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Есбосынов зерттеу барысында тап болған қызықты дереккөздер туралы әртүрлі ақпаратпен бөлісті. Ғылыми зерттеу жүргізгенде жалпы Қазақ ұлттық кітапханасында сақталған әдебиеттерді пайдаланғанын мәлімдеді.
Біріншіден Мейердің «Түркия тарихын зерттеу мәселелері» атты орыс тіліндегі кітабында жарияланған мақалалар мен ақпаратқа тоқталып өтті. Мейердің аталмыш кітабындағы Гасанованың «XIX ғ. Түркияда солшыл пікірдің таралуы», Клейманның «Ресейде Түркия зерттеулері», Петросянның «Сараеводағы түрік зерттеулері», Киреевтің «Лозаннадан кейінгі экономикалық жағдай», Моисеевтың «КСРО-Түркия қарым-қатынастары» атты еңбектері Лозаннадан кейінгі Түркиядағы ахуалды және Кеңес одағымен қарым-қатынастарды қарастырғанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, доктор Есбосынов 1977 жылы жарық көрген Черниковтың «Бейбітшілік пен жақсы көршілік» атты кітабы туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, 1966 жылы Мәскеуде жарияланған КСРО Ғылым академиясы Азия халықтары институтының Арнайы бюллетені шектеулі мөлшерде (500 дана) басылғанын және бұл бюллетеньде сол кезеңдегі Кеңес Одағының Түркияның НАТО-ға мүшелігіне деген көзқарасы қарастырылғанын айтты. Есбосынов 1995 жылы Анкарада, кейінірек 2015 жылы қайта қаралып Ыстамбұлда жарияланған Мехмет Сарайдың «Ататүрік және түркі әлемі» атты кітабын қазақ тіліне аударғанын және бұл кітап жақын арада жарық көретінін атап өтті.
Қорытындылай келе, доктор Есбосынов Кремльдің Лозанна бейбітшілік келісімін Ататүріктің жетістігі ретінде қарастыратынны айтты. Лозанна келісімінің Түркияның шекарасын анықтауда басты тарихи оқиғалардың бірі екенін мәлімдеді. Қазақстан тарихындағы Алаш Орда үкіметінің қызметін осы келісім үдерісімен салыстыра отырып, «Алаш Орда үкіметі болмағанда, бүгінгі Қазақстан аумағы бұдан аз болар еді» деген пікір өрбітті. Есбосынов Османлы кезеңіне қатысты қазақ тіліндегі деректердің жеткіліксіз екендігін айтып, болашақта бұл кемшілікті жою үшін ынтымақтастық жасауды ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар баяндамашыға тақырып бойынша сұрақ қойып, пікір алмасты.