Т.ғ.д. Леся Каратаева семинарында жалпы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік саласының ахуалы, сын-қатерлері мен ықтимал қауіп-қатерлері туралы сөз қозғады. 2011 жылы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту үшін 2013-2017 жылдарға арналған Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасының әзірленгені туралы мәлімдеді.
Т.ғ.д. Леся Каратаева семинарында жалпы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік саласының ахуалы, сын-қатерлері мен ықтимал қауіп-қатерлері туралы сөз қозғады. 2011 жылы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту үшін 2013-2017 жылдарға арналған Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасының әзірленгені туралы мәлімдеді. Тұжырымдаманың мазмұны туралы баяндап, ақпарат қауіпсіздігін нығайту мақсатында қабылданған немесе жүзеге асырылуы көзделген шаралармен қатар, болашақ мақсаттар туралы толық ақпарат берді. Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасының ақпараттық, техникалық және әлеуметтік-саяси тұрғыда зерттелетінін айқындады. Ақпараттық бөлімде әдетте интернеттің ақпаратқа қол жеткізуде қолданылуы, техникалық бөлімде кибер шабуылдар және әлеуметтік-саяси бөлімде қоғамдық пікірді қалыптастыру мәселелерінің болғанын айтты.
Қазіргі таңда елдер арасында ақпараттық соғыстың жүріп жатқанын, сондай-ақ технологиялардың одан сайын дамуымен қатар киберқауіпсіздік мәселелерінің де артқанын айқындап, тұжырымдама аясында бұл мәселелерге де назар аударылғанын айтты. Киберқауіпсіздік шеңберінде қабылданған шаралар арасында барлық мемлекеттік мекемелердің киберқауіпсіздіктерінің NITEC ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы тарапынан қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Осылайша, мекемелерге арнайы киберқауіпсіздік топтарын құру қажет болмайды және бұл жағдай үнемдеуге мүмкіндік береді деген пікір білдірді.
Семинар барысында т.ғ.д. Леся Каратаева Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласы туралы ақпарат берумен қатар осы саладағы мәселелерге де тоқталып өтті. Жергілікті білікті мамандардың өте аз болуы және бағдарламалық жасақтамалар мен технологиялық өнімдердің өндірісінде сырттан импортталатын қызметтер мен жабдықтарды пайдалану деңгейінің өте жоғары болуы аса маңызды мәселелер болып табылатынын ерекше атап өтті. Бұның басты себептері – ел нарығының аса үлкен болмауы және шетелден импортталатын техникалық жабдықтар мен қызметтер құнының жергілікті технологияларды дамыту құнынан едәуір төмен болуы.
Бүгінгі таңда Қазақстанның компьютерлік нарығында HP, Lenovo және Acer брендтері мен Microsoft, SAP және Oracle бағдарламалық жасақтамаларының үстем болғанын мәлімдеді. Нарықта кейбір отандық компаниялардың бар екенін, алайда өнімдерінде негізінен импорттық жабдықты пайдаланатынын атап өтті. Қазақстанның ақпараттық технология өнімдерінің экспорты мен импортына қатысты 2014 және 2015 жылғы деректерді салыстыра келе, 2014 жылы импорт көлемінің экспорттан 7,5 есе көп болғанын және бұл арақатынастың 2015 жылы 18,5 есе көтерілгенін мәлімдеді.
Семинар соңында доктор Леся Каратаева Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласының өндірістен гөрі қызмет көрсетуге негізделгенін айқындап, нарықта көбіне шетелдік компаниялардың қызмет атқарып жатқанын атап өтті. Осы орайда, жергілікті мамандарды дайындауға көбірек көңіл бөліп, инвестиция жасау қажеттігіне ерекше назар аударды.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласы мен кибер шабуылдар мәселелері бойынша пікір алмасты.