Данияр Қосназаров семинарды Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаудан бастады. Қосназаров Орталық Азия аймағында АҚШ-тың ықпалының азаюына қарамастан, әлі де жалғасын тауып жатқанын тілге тиек етті.
Данияр Қосназаров семинарды Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаудан бастады. Қосназаров Орталық Азия аймағында АҚШ-тың ықпалының азаюына қарамастан, әлі де жалғасын тауып жатқанын тілге тиек етті. Семинар барысында Украина мәселесі, Батыстың Ресейге салған эмбарголардың әсері сияқты аймақ елдеріне қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, мұнай бағасының төмендеуінің Ресей мен Қазақстан экономикасына әсеріне қатысты өз пікірлерімен бөлісті. 2016 жылы бұл оқиғалардың ең маңызды үрдістердің қатарына енгенін атап өтті. Семинар жалғасында Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар туралы ақпарат берді.
Данияр Қосназаров сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі динамикасы, аймақтың жалпы даму мәселелері бойынша сөз өрбітті. Өзбекстандағы президент сайлауы аймақтың болашағы үшін өте маңызды рөл атқарады деп атап көрсетті. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне келгенде, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен шекара мәселелерін шешу Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық тұрғысынан маңызды деп түйіндеді. Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың Орталық Азияда жүргізген саясаттары туралы кейбір келіспеушіліктердің болғанын атап өтті. Қытайдың аймақта жүргізген «жұмсақ күш қолдану» саясатының аймақта онша тиімді болмағанына назар аударып, мұның себебі ретінде халықтың әлі де Қытайға күмәнмен қарайтынын атап көрсетті.
Қазақстанға жасалған инвестициялар мен саяси тұрақтылық арасындағы байланысты талқылап, тақырып бойынша өз пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, аймақ елдерімен жақсы қарым-қатынастарда болған Түркия мен Ресей арасындағы шиеленісті еңсеруде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған рөлі аймақтық тұрақтылық тұрғысынан маңызды даму болып табылады деп пайымдады. Семинар соңында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін 25 жыл ішінде әрі саяси, әрі экономикалық салада қиын сынақтардан өткенін мәлімдеді.
Семинар соңында қатысушылар 2016 жылы Орталық Азиядағы басты стратегиялық бағыттарды талқылап, осы мәселе бойынша пікір алмасты.