Болат Әуелбаев «Орталық Азия мемлекеттерінің өзара әрекеттестігіндегі су-энергетикалық аспектілер» атты семинарында жалпы Орталық Азиядағы су алаптары, су-электр станциялары және геосаяси күш теңдіктеріне қатысты мәселелерді талқылады.
Болат Әуелбаев «Орталық Азия мемлекеттерінің өзара әрекеттестігіндегі су-энергетикалық аспектілер» атты семинарында жалпы Орталық Азиядағы су алаптары, су-электр станциялары және геосаяси күш теңдіктеріне қатысты мәселелерді талқылады. Су мәселелерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелермен тығыз байланысты болғанын айтып, бұл мәселені бөлек қарастыру дұрыс емес деп айтты. Сонымен қатар, мәселені терең талдағанда мәселелерді ұзақ мерзімді стратегиялар арқылы ғана шешуге болатынын айтты. Орталық Азиядағы су ресурстарына тоқталып, Арал теңізі алабына кіретін Әмудария және Сырдария өзендері туралы және бұл өзендердің бойында салынған және салынып жатқан су электр станциялары туралы егжей-тегжейлі техникалық ақпарат ұсынды. Семинар жалғасында Орталық Азия су алаптары картасында елдер арасында проблемалық аймақтарды көрсете отырып, бұл аймақтар туралы ақпарат берумен қатар мәселелердің саяси даулардың салдарынан туындағанын айтты.
Су-энергетикалық ресурстарға әсер ететін факторлардың ішіндегі ең маңыздысы табиғат факторы екеніне назар аударып, маусымдық өзгерістердің жаз және қыс айларында бұл ресурстарға тікелей әсер ететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, бұл мәселеде саяси болжам мен сараптамаларда маусымдық өзгерістерді есепке алу қажеттігін атап өтті. Аймақ елдерінің су-энергетикалық саясаттары жөніндегі сараптамаларда ақпан айынан бастап Қырғызстанда Тоқтоғұл және Тәжікстанда Қайраққұм бөгеттеріндегі су деңгейлеріне қарап бұл елдердің сәуір және мамыр айларында ұстанатын саясаттарын болжауға болады деп айтты. Тәжікстанды мысал ретінде келтіре отырып, ақпан айының ауыл шаруашылығында суару айы болғанына байланысты Тәжікстан мен Өзбекстан арасында министрлер деңгейінде жыл сайын келіссөздер жүргізілетінін айтты.
Рогун және Қамбарата бөгеттерін салуға қатысты Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы пікір айырмашылықтары туралы айтып берді. Өзбек үкіметі бұл бөгеттердің салынуы аймақта су тапшылығына әкелетіндіктен бөгеттердің құрылысына қарсы болғанын айтты. Екінші жағынан, Дүниежүзілік банктің мәселе бойынша жүргізілген есеп нәтижелерінде бұл әсердің Өзбекстанның айтқанынан әлдеқайда азырақ болатыны көрсетілген деп атап өтті. Аймақтағы ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың қатарында CASA-1000 жобасының болғанын және бұл жоба аясында Ресей, Қытай және Иранның тікелей қатысушы, ал АҚШ-тың Дүниежүзілік банк арқылы жанама қатысушы екенін айтып, Қытайдың инфрақұрылым жобаларына ірі инвестициялар жасау арқылы басқа қатысушылардан анағұрлым тиімді рөл атқаратынын мәлімдеді. Осылайша, Орталық Азиядағы су-энергетикалық мәселеге аймақ елдерімен қатар басқа да елдердің де мәселені шешуге тырысқаны туралы баяндады. Семинар соңына таман, Тәжікстан мен Қырғызстанда салынып жатқан Рогун, Қамбарата-1, Қамбарата-2 және Жоғарғы Нарын бөгеттерінің құрылысы аяқталған жағдайда, аймақтағы су және энергетика теңгерімінің өзгеретінін айтты.
Семинар соңында қатысушылар Орталық Азиядағы су мәселелері және су электр станциялары бойынша пікір алмасты.