2016 жылдың 16 маусымында «Ниппон» қорының атқарушы директоры Юджи Мори мен Түрік және жапон Орталық Азия достық және ынтымақтастық қауымдастығы (Jatcafа) Басқарма төрағасы Киоко Врбоски Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келді
2016 жылдың 16 маусымында «Ниппон» қорының атқарушы директоры Юджи Мори мен Түрік және жапон Орталық Азия достық және ынтымақтастық қауымдастығы (Jatcafа) Басқарма төрағасы Киоко Врбоски Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келді. Кездесу барысында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек институттың Қожа Ахмет Ясауи университеті жанындағы ғылыми-зерттеу институты екенін және осыған сәйкес негізінен Еуразия аймағына, әсіресе түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, бұл салада түрлі іс-шараларды атқаратынын айтты және институт қызметі туралы ақпарат берді.
«Ниппон» қорының атқарушы директоры Юджи Мори қорларының құрылым жағынан жеке қор екенін, алайда жапон үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетіні туралы айтты. Сондай-ақ 53 жыл бойы қызмет атқарып жатқандарын және білім беру және денсаулық сақтау салаларында Жапонияның ең ірі қаржыландыру ұйымдарының бірі екенін айтты. Қордың Азия құрлығында, әсіресе Оңтүстік Азия аймағындағы елдерде институттардың, жоғары оқу орындарының және үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қызығушылық танытатын салалар аясында қолдау көрсететіндерін мәлімдеді. Юджи Мори бүгінгі күнге дейін Азияда білім беру, Африкада ауыл шаруашылығы және Латын Америкасында адам ресурстарына қатысты жобаларға қолдау көрсететіндері туралы айтты. Ал Орталық Азияда негізінен білім беру және адам ресурстары салаларында түрлі жобаларға қолдау көрсеткендері және бұл тұрғыда бірқатар мекемелерге барғандары туралы баяндады.
Кездесу барысында Жапония және Орталық Азия қарым-қатынастары мен Орталық Азиядағы ағымдағы ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша пікір алмасу болды. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек Еуразия аймағы аясында академиялық зерттеулер саласында ынтымақтастық орнату мүмкін деп айта отырып, «Ниппон» қорының атқарушы директоры Юджи Мори және «Jatcafа» қауымдастығы Басқарма төрағасы Киоко Врбоскиге Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгендері үшін алғысын білдірді.