2016 жылдың 19-26 қыркүйек аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты "Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесінің" қолдауымен "Халықаралық Түркі академиясымен" бірлесе отырып "Еуразия жазғы мектебін ұйымдастыруда.
2016 жылдың 19-26 қыркүйек аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты "Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесінің" қолдауымен "Халықаралық Түркі академиясымен" бірлесе отырып "Еуразия жазғы мектебін ұйымдастыруда. "Еуразия жазғы мектебі" бағдарламасы аясында Алматы, Түркістан және Астана қалаларында Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, АҚШ және Ресейден келген сарапшы мамандар тарапынан түрлі тақырыптар бойынша дәрістер беріліп, мемлекеттік мекемелерді зиярат мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Еуразия жазғы мектебіне" Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Германия, Польша, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Беларустан 20 магистрант пен докторант қабылданды.
Еуразия жазғы мектебінің мақсаты Түркия, Қазақстан және әлемнің түрлі аймақтарында Орталық Азия мен Еуразия аймағын зерттеп, магистратура мен докторантурада біліп алып жатқан жас ғалымдардың аймаққа келулеріне мүмкіндік бере отырып, түпкі деректемеден ақпарат алуға жағдай жасау; экономика, саясат, бірегейлік, сондай-ақ Еуразияның сыртқы саясатына байланысты негізгі мәселелерді талқылау, ортақ мәселелерді анықтау және ортақ шешімдерді іздеу; жас ғалымдарды бір араға келтіріп, олардың пікір алмасуына мүмкіндік беру және бірлескен жобалардың қалыптасуын ынталандыру; жазғы мектепке қатысушыларды Қазақстанның сыртқы саясатына бағыт беретін мекемелермен таныстыру болып табылады.
Еуразия жазғы мектебінің ашылуында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының орынбасары Философия ғылымдарының докторы (PhD), профессор Мехмет Куталмыш және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшектің атынан институт директорының орынбасары Философия ғылымдарының докторы (PhD), Айдарбек Амирбек сөз сөйледі. Сонымен қатар қатысушыларға институттың қызметі туралы баяндалды.
Философия ғылымдарының докторы (PhD), профессор Мехмет Куталмыш өз сөзінде қатысушыларға Орталық Азия аймағының Азияның жүрегінде орналасқанын, ғылым және технологиялық дамудың осы аймақта 1000-1500-ші жылдарға дейін алтын ғасыры болғаннан кейін француз революциясына байланысты батысқа бет бұрғанын және соңғы 50 жылда қайтадан шығысқа жақындай бастағанын тілге тиек етті. Сөзінің жалғасында Ұлы Жібек жолы арқылы экономикалық маңызы бар тауарлар ғана жеткізіліп қоймай, түрлі мәдениет, дін және тілдердің де таралғанын атап өтті. Бұған қоса Еуразия аймағының бірнеше этникалық топтар мен түрлі діндердің бейбітшілік ішінде тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болуының 850 жылдығына орай атқарылған жұмыстар мен университеттің қызметі туралы ақпарат берді. Бүгінгі күні Орталық Азиядағы энергетикалық ресурстардың аймаққа деген қызығушылықтың арттырғанын мәлімдеді. Қатысушыларға Жазғы мектептен кейін де университетіміз және институтпен қарым-қатынастары жалғасады деген үміт білдірді. Философия ғылымдарының докторы (PhD) Айдарбек Амирбек өз сөзінде қатысушыларға келгендері үшін алғысын білдіріп, "Еуразия жазғы мектебі" жобасын жыл сайын ауыспалы түрді түркі республикаларында ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.
"Еуразия жазғы мектебі" бағдарламасы шеңберінде Түркі тілдес елдердің экономикалық интеграциясы, Еуразияшылдық және бірегейлік туралы пікірталастар, көлік және инфрақұрылым жобалары, энергетика және су қауіпсіздігі мәселелері, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және аймақтық ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ Еуразияда қауіпсіздік мәселелері тақырыбында дәріс беріледі. "Еуразия жазғы мектебінің" бірінші дәрісін Абзал Сапарбекұлы өткізді, ол аймақтық интеграция тұрғысынан Түркі кеңесінің рөлі, Түркі кеңесінің тарихи Жібек жолын жаңғыртудағы міндеттері тақырыбын қозғады.
Жазғы мектепті табысты аяқтаған қатысушылар өз саласындағы білімі мен тәжірибесін арттырып қана қоймай, академиялық талдау жасау қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына бағыт беретін ұйымдармен танысу мүмкіндігін иеленеді.
"Еуразия жазғы мектебі" 19-26 қыркүйек аралығында жалғасып, Алматы және Түркістандағы теориялық дәрістерден кейін Алматы және Астана қалаларындағы мемлекеттік мекемелерді зиярат жасаған соң әлеуметтік бағдарламалармен аяқталуы жоспарланып отыр.