Т.ғ.д., доцент Заур Джалилов семинарында жалпы Қазақстандағы ықтимал қауіп-қатерлер туралы ақпарат ұсынды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қауіпсіздікте олқылықтардың болуына назар аударып, 1990-шы және 2000-шы жылдары Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанда орын алған бірнеше оқиғаларды мысал ретінде атап өтті.
Т.ғ.д., доцент Заур Джалилов семинарында жалпы Қазақстандағы ықтимал қауіп-қатерлер туралы ақпарат ұсынды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қауіпсіздікте олқылықтардың болуына назар аударып, 1990-шы және 2000-шы жылдары Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанда орын алған бірнеше оқиғаларды мысал ретінде атап өтті. Орталық Азия аймағында әрі ғылыми, әрі практикалық тұрғыда қауіпсіздік мәселелері туралы кешенді зерттеулердің болмағанын және зерттеулердің негізінен экстремизм мен лаңкестікке бағытталғанын атап өтті. Осы орайда аймақ елдерінің мүдделерін ескере отырып, әрі теориялық, әрі әдістемелік тұрғыдан жалпы қауіпсіздік түсінігінің дамымағанын айтты. Бұның себебі – мәселе маңыздылығының әлі аңғарылмауы.
Жалпы Орталық Азия мен Қазақстандағы қауіп-қатерлер арасында есірткі трафигі, ұйымдасқан қылмыс желілері, лаңкестік, жаппай көші-қон және қоршаған ортаның ластануы сияқты мәселелерді атап өтіп, түрлі ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар аймақта және халықаралық ірі державалар арасында жанталаса қаруланудың жалғасып жатқанын мәлімдеді. Қауіпсіздік мәселесіне келгенде Қазақстанның аймақтағы мәселелерге көз жұма алмайтынын, барлық факторларды қарастыру қажеттігін мәлімдеді. Аймақтағы су-энергетикалық мәселелерге қатысты дау-дамайлар туралы сөз қозғап, бұл салалардағы мәселелер шешілмеген жағдайда елдер арасындағы қатынастар шиеленісуі мүмкін деп айтты. Аймақтағы мәселелер аясында Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарға тоқтала кетіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауының аймақтағы қауіпсіздікке зиян келтіре алатыны жөнінде айтты. Осы мәселеге қатысты берген сараптамаларында бұл мәселелердің тек қарапайым халық арасында ғана емес, екі елдің мемлекеттік басқару деңгейінде де байқалғанын айқындады.
Әлеуетті қауіп-қатерлердің анықталып, жіктелуі қажет деп мәлімдеген т.ғ.д., доцент Заур Джалилов әлеуетті қауіп-қатерлерді 4 негізгі топқа бөліп, осы топтар туралы толық ақпарат берді. Олар: гео-саяси, гео-экономикалық, энергетикалық және қару-жарақ мәселелері. Гео-саяси мәселелер аясында шекара қауіпсіздігі мен елдердің аумақтық тұтастығына қатысты жүзеге асырылатын этникалық немесе діни сепаратистік қозғалыстар мен Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбітшіл имиджіне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді әлеуетті қауіп-қатерлер ретінде көрсетті. Ал экономикалық салада Қазақстанның шикізат өндіруші ел болып қала беруін қалайтын кейбір елдердің бар екенін және Қазақстанның өндіріске негізделген экономикасын құруға кедергі келтіретін саясаттарды жою арқылы экономикалық қауіпсіздігін қорғау қажет деп айтты. Энергетика мәселесіне келгенде Қазақстанның жер асты ресурстарына бай екенін айқындап, Қазақстанның жер асты байлығы көп шоғырланған аймақтарда әр түрлі мәселелер туындау мүмкін деп атап өтті. Экстремистік және лаңкестік ұйымдардың идеяларының одан әрі радикалданғанына назар аудара отырып, жасырын ұйымдардың белсенді бола бастау мүмкіндігі жөнінде мәлімдеді. Т.ғ.д., доцент Заур Джалилов аталған қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің әлеуетті қауіп-қатерлер екенін және бүгінгі таңда бұл қауіп-қатерлерге тап болмағанымызды ерекше атап, семинарын аяқтады.
Семинар соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек кешенді ақпарат бергені үшін т.ғ.д., доцент Заур Джалилов мырзаға алғысын білдірді. Лаңкестік ұйымдардың қауіп-қатерлеріне назар аударған доцент, доктор Невзат Шимшек осы тұрғыда Түркияда қуыршақ ретінде пайдаланылатын діни экстремистік ДАИШ-тің, сепаратистік бір құрылым ретінде Күрдістан жұмысшылар партиясы/Сирия күрдтерінің «Демократиялық одақ» партиясының және Түркия мен әлемде мемлекеттік мекемелерге енген Фетхуллахшылар лаңкестік ұйымының қауіп-қатерлеріне тоқталып өтті. Қатысушылар да Қазақстан мен Орталық Азия аймағы туралы әр түрлі қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.