2014 жылы Алматыда III Еуразия әлеуметтік ғылымдар форумын өткізген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының мамандары 2016 жылдың 21-22 сәуір күндері IV Еуразия әлеуметтік ғылымдар форумына ұжым болып қатысып, энергетика, саясат, сыртқы саясат, экономика мәселелері бойынша баяндамалар ұсынды.
2014 жылы Алматыда III Еуразия әлеуметтік ғылымдар форумын өткізген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының мамандары 2016 жылдың 21-22 сәуір күндері IV Еуразия әлеуметтік ғылымдар форумына ұжым болып қатысып, энергетика, саясат, сыртқы саясат, экономика мәселелері бойынша баяндамалар ұсынды.
Еуразия әлеуметтік ғылымдар форумы Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінің Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қырғызстан-Түркия Манас университеті, Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті және Хаджеттепе университеті бірлесе отырып, түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты зерттеу мақсатында өкізілетін форум болып табылады. Биыл таңдалып отырған «Жібек жолы» тақырыбы осы бағыт бойында орналасқан елдерге тікелей қатысты болғандықтан, тақырыпты экономикалық, саяси, сыртқы саяси және әлеуметтік тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік беру үшін өткізілді.
Форумның ашылу рәсімінде Қырғызстан-Түркия Манас университетінің ректоры профессор, доктор Себахаттин Балджы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры профессор, доктор Мұстафа Нұрсой және Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры профессор, доктор Адалет Мурадовтың атынан кеңесшісі сөз сөйледі. Профессор, доктор Себахаттин Балджы өз сөзінде Жібек жолының өткен тарихына тоқтала кетіп, бүгінгі күні бұл бағыт бойынша түрлі жобалардың жүргізіліп жатқандығын және бұл жолды жандандыру арқылы 21-ші ғасырда жаңа өркениеттің құрылу мүмкіндігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Профессор, доктор Мұстафа Нұрсой өз кезегінде Жібек жолы бойынша тек сауданың ғана емес, идеялар мен өркениеттердің тасымалданатындығы туралы айтты. Бүгінгі таңда тарихтағы идея тасымалдауының әдісі ғана өзгерді деп мәлімдеді. Осындай форумдардың идеялар тасымалына ықпал ететіндігін айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры профессор, доктор Адалет Мұрадовтың атынан кеңесшісі сөз сөйлегенде форумның басты тақырыбы – Ұлы Жібек жолының маңызын атап өтті және қатысушыларға сәттілік тіледі. Ыстамбұл университетінен келген профессор, доктор Седат Мұрат да өз кезегінде әлеуметтік ғылымдардың жалпы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мұндай әлеуметтік форумның қажеттілігін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Форумға қатысқан институттың ғылыми қызметкерлері мынадай тақырыптар аясында баяндамалар ұсынды. Институт директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек пен ғылыми қызметер доктор Фарход Аминжоновтың бірлесіп жасаған баяндамасын ұсынған доктор Фарход Аминжонов жалпылай «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мақсатының осы бағыт бойында орналасқан елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты және сенімді болуына қатысты деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемесіне қосымша ретінде жобаның елдер арасында қандай да бір текетірес серпінін ынталандырудың алдын алуда маңызды рөл атқаратындығын айтты. Жібек жолына қатысты а) Қытайды Орталық Азия және Ресей арқылы Еуропамен байланыстыратын; ә) Қытайды Орталық Азия арқылы Таяу Шығыспен байланыстыратын; б) Қытайды Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Үнді мұхитымен біріктіруді көздейтін үш бағыттың болғандығын айтты. Энергия саудасы мен энергияға негізделген өсіп келе жатқан экономикалар үшін бұл бағыттардың маңыздылығын айта отырып, мұнда (а) және (ә) бағыттарының Ресейдің көзқарасына байланысты болатынын мәлімдеді. Баяндамасында жалпы Ресейдің газ бағасына қатысты өзгеретін саясатының «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бойында экономикалық ынтымақтастыққа, энергия көздерімен жабдықтауда тұрақтылыққа Орталық Азия елдері тұрғысынан әсері зерттелгендігі туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, Ресейдің Еуразия газ стратегиялары, ұсыныс пен сұраныс теңдіктері және «энергетикалық сүрлем» туралы ақпарат ұсынды.
Институттың шақырылған ғылыми зерттеушісі доцент, доктор Aйча Шимшек, Институт директоры доцент, доктор Невзат Шимшек және ғылыми қызметкер Данияр Нұрбаев бірлесіп жасаған жұмыста Қазақстанның Еуразия Кеден одағына дейінгі және одан кейінгі бәсекеге қабілеттілігі зерттелді. Баяндамада Данияр Нұрбаев өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін түрлі индекстерді пайдаланатындығын айта келе, Қазақстан өнеркәсіптерінің Еуразия экономикалық одағына кірмей тұрған кезең мен кіргеннен кейінгі кезең туралы зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Институт директорының орынбасары доктор Айдарбек Әмірбек және зерттеуші Женгизхан Жаналтай бірлесіп жасаған жұмысты ұсынған доктор Айдарбек Әмірбек жалпы Қытайдың «Жібек жолы» жобасына Ресей мүдделері тұрғысынан сараптама жасады. Жобаны Орталық Азия елдерінің жылы қарсы алғандығын мәлімдеумен қатар, Ресейдің бұл жобаға абайлап қарайтындығына назар аударды. Бұның себептері арасында Жібек жолы өтетін географиялық ауданда елдің стратегиялық мүдделерінің еленбей қалу мүмкіндігі жатыр. Мұнда «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың екі елдің де мүдделеріне жауап бере алатын ортақ жол картасының болмағандығы туралы айтты. Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын Ресейдің стратегиялық мүдделеріне сәйкес келгенінше қолдай алатынын білдірді. Ресейдің жобаға көзқарасына, алдағы кезеңде «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақ әрекеттестігі және жоба аясында Ресей-Қытай ынтымақтастығы болашағына сараптама жасалды.
Аға ғылыми қызметкер Лидия Пархомчик және ғылыми қызметкер Ақбота Ақылбаева бірге жасаған жұмысты ұсынған Лидия Пархомчик Жібек жолы бағытында орналасқан елдермен сауда қарым-қатынастарын орнатуды қарастырған Қытайлық компаниялардың көптеген саяси мәселелерге тап болу қаупінің болғандығын айтты. «Economist Intelligence Unit» ұйымының қауіп-қатерлер есебіне сілтеме жасай отырып, Жібек жолы бағытының қауіп-қатер дәрежесінің Ауғанстан және Ирак сияқты елдерге жақын балл алуының болашақта «Жібек жолы» жобасын дамыту үдерісіне теріс әсерлеріне баяндамасында талданғандығы туралы айтты.
Шақырылған ғылыми зерттеуші доцент, доктор Aйча Шимшек, Институт директоры доцент, доктор Невзат Шимшек және ғылыми қызметкер Женгизхан Жаналтай бірлесіп жасаған ғылыми жұмысты ұсынған Женгизхан Жаналтай Түркия мен Ресей арасындағы екі жақты сауда қарым-қатынастарының әр жыл үшін түрлі индекстер пайдаланып сарапталғандығы туралы баяндады. Зерттеуде сауда қарқындылығы индексі, толықтыру индексі, Балласаның анықталған салыстырмалы артықшылық индексі сияқты индекстердің қолданылғандығын айтты. Осы тұрғыда алынған нәтижелер бойынша, Түркия мен Ресей арасындағы сауда құрылымының сәйкестік тұрғысынан бір-бірін толықтыратынын, елдер арасындағы өнеркәсіп ішілік сауданың артқандығын айтты. Сондай-ақ, Түркияның жылдар бойынша экспорттағы артықшылығы өнімдердің санын арттырды және бұл өнімдердің жалпы сауда ішінде елеулі үлесі бар деп мәлімдеді.
Аға ғылыми қызметкер доктор Еркін Байдаров Жібек жолының маңыздылығын Шығыс пен Батыстың әрекеттесуі аясында тарихи тұрғыда сараптайтын баяндама жасады. Баяндамада Жібек жолының тарих тұрғысынан Шығыс пен Батыс арасындағы достықты қамтамасыз ететіндігін және бүгінгі таңда жас ұрпақтың Ұлы Жібек жолының тарихи бағытын ескере отырып зерделеу қажеттігін атап өтті. Әсіресе Шығыс пен Батыс арасында келіспеушіліктер артып жатқан бүгінгі әлемде Жібек жолын мәдениетаралық достық көпірін қамтамасыз ететін құрал ретінде қарау қажет деп баяндамасын ұсынды.
Зерттеуші доктор Ажар Серікқалиева және Динара Талдыбаева бірге дайындаған жұмысты ұсынған доктор Ажар Серікқалиева Қытайдың «Жібек жолы» жобасының қоғамдық дипломатиясы мен адамдар арасындағы пікір алмасудың бірнеше өрістерді қамтитыны туралы білдірді. Мұнда Қытайдың гео-мәдени Еуразия кеңістігіндегі стратегиясы Қытайдың басқару қызметкерлеріне сәйкес экономикалық мақсаттарын іске асыру үшін негіз болу қажет стратегия болып табылады. Қытайдың сыртқа ашылу стратегиясы басты себептерінің бірі өсу үлгісінде түсіру режимінен сапалы өсу режиміне өту үдерісінде екенін айтты. «Жібек жолы» жобасының Қытай туралы стереотиптерді бұзуға және тасымалдау қиындықтарын еңсеруге ықпал ететіндігі туралы көзқарасымен бөлісті.
Ғылыми қызметкер Айдана Арынбек және Джалолиддин Мирзоев бірлесіп жасаған баяндаманы ұсынған Айдана Арынбек Жібек жолының жаңғыруына және халықаралық аренада танымал болуына Қытай мен Америка Құрама Штаттарының көп үлес қосқандығын айта келе, осы екі ғаламдық державаның жобалары салыстырылған кезде көзқарас айырмашылықтарының болуы туралы мәлімдеді. Екі түрлі көзқарастағы елдердің «Жібек жолы» жобасына тағайындаған рөлдері зерттелген кезде, бұл жобалардың арасында қаншалықты айырмашылық болса да, олардың бір-бірімен бәсекелес болудан гөрі бір-бірін толықтыратындығы туралы пікірін білдірді.
Ғылыми қызметкер Сәуле Ахметқалиева баяндамасында жалпы энергия ресурстарын тасымалдау желілері мәселесіне тоқталып, Гвадар портының стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Пәкістандағы Гвадар портының Жібек жолындағы ең маңызды жобалардың бірі болып табылатындығын айта келе, бұл жобаның екі миллион адамға жұмыс орындарын қамтамасыз етумен қатар, Қытайға Араб теңізіне тікелей жетуге мүмкіндік бере отырып миллиардтаған долларды үнемдейтінін айтты. Гвадар портының геостратегиялық жағдайы тұрғысынан Араб шығанағы және Орталық Азия арасында аймақтық транзит оралығына айналу әлеуетінің болғандығы туралы мәлімдеді.
2014 жылы үшінші Форумды өткізіп, осы жылғы форумға мамандардың кең ауқымы қатысып қолдау көрсеткен Еуразия ғылыми-зерттеу институты алдағы жылдарда да Форумның сәтті жалғасуына және Еуразия аймағындағы түрлі мәселелерді шешуге бағытталған ниеттерін білдірді.