Женгизхан Жаналтай семинарында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан Ресейге жұмыс іздеу мақсатында барған еңбек мигранттарының саны, еңбек мигранттарының ақша аударымдары және көші-қон саясаттары туралы сөз қозғады.
Женгизхан Жаналтай семинарында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан Ресейге жұмыс іздеу мақсатында барған еңбек мигранттарының саны, еңбек мигранттарының ақша аударымдары және көші-қон саясаттары туралы сөз қозғады. Семинар барысында Ресей еңбек нарығындағы Орталық Азиялық еңбек мигранттары туралы баяндаудан бастаған Жаналтай 2005 жылы жұмыс істеуге рұқсат алу рәсімінің жеңілдетілгенін, сондай-ақ Ресейде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер арасында Орталық Азиялық еңбек мигранттары көрсеткішінің қарқынды өсіп, 2005 жылғы 16,9%-дан 2015 жылы 63%-ға артқанын айтты. Сонымен қатар, Ресейге барған Орталық Азиялық мигранттар жайлы берген ақпаратында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барғандардың жартысының дерлігі біліксіз екенін айта кетіп, жоғары білікті жұмысшылардың үлесі 1%-дан кем екенін атап өтті.
Рубльдің долларға шаққанда елеулі дәрежеде құлдырауы мен Ресей экономикасының құлдырауы нәтижесінде 2015 жылы Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға жіберілген еңбек мигранттарының долларлық эквиваленттегі ақша аударымдары 2014 жылмен салыстырғанда тиісінше 57%, 46% және 66%-ға төмендегенін айтты. Сонымен қатар, бұл төмендеу үрдісінің 2016 жылдың бірінші тоқсанында да жалғасқанын айтып, бұл жағдайдың екінші тоқсанда керісінше үш елде де шамамен 50%-ға артқанын айқындады. Бұл өсімнің себептеріне тоқталып өтіп, мамыр-қыркүйек кезеңінің Орталық Азиялық еңбекшілер үшін Ресейде маусымдық жұмыстарда жұмыс істеуге ең қолайлы кезең болып табылатынына байланысты әр жыл сайын бұл кезеңде ақша аударымдары ағынының белгілі бір деңгейде артуын ең ықпалды фактор ретінде атап өтті.
Ресейден жіберілген ақша аударымдарының алдағы жылдары тағы да арту мүмкіндігіне назар аударған Жаналтай Дүниежүзілік банктің Ресей экономикасы жөнінде жасаған болжамдарына сілтеме жасап, Ресейдің ЖІӨ-інің 2017 жылы 1,3%, ал 2018 жылы 1,5% болатынын және бұл өсімнің еңбек мигранттарының ақша аударымдарының артуына оң әсер ететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, мұнай бағалары мен Ресейден жіберілген ақша аударымдары арасында күшті байланыс бар екенін атап өтті. Бұл тақырып бойынша ОПЕК және жетекші мұнай өндіруші елдердің 2016 жылғы 28 қазанда өткен келіссөздерінен шығатын оң шешім Ресейден жіберілген ақша аударымдарының артуына ықпал ететін болады деп айтты.
Семинар жалғасында аймақ елдеріндегі ағымдағы оқиғалар туралы ақпарат беріп, Қазақстанның пайдаланып жатқан белсенді халық бойынша квота жүйесін өнеркәсіп салаларының мұқтаждықтарына сәйкес жүзеге асырылатынын айқындады. Сонымен қатар, шетелдік қызметкерлердің жұмысқа рұқсат алу үдерісінің жаңа өзгерістерге сәйкес 30-40 күннен 5 күнге дейін азаятынын мәлімдеді. Ресей мен Өзбекстан арасындағы көші-қон туралы келісім бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, үдерістің 2014 жылдың қараша айында басталғанын және қазіргі уақытта Ресейдің Өзбекстанның жіберген соңғы жобасын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Қырғызстанға тоқтала келе, Еуразиялық экономикалық одақтың қырғыз еңбек мигранттарына артықшылықтарын талдап, бірыңғай зейнетақы жүйесі бойынша жаңартылған ақпаратпен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар патент бағалары, Қазақстанда квота жүйесіндегі өзгерістер мен басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.