Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болуының 850 жылдығы ЮНЕСКО тарапынан «Қожа Ахмет Ясауи жылы» болып жариялануына орай ұйымдастырылған іс-шаралар шеңберінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты Шет тілдер және іскерлік карьера университетімен бірлесе отырып «Қожа Ахмет Ясауиді түсіну» атты конференция ұйымдастырды.
Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болуының 850 жылдығы ЮНЕСКО тарапынан «Қожа Ахмет Ясауи жылы» болып жариялануына орай ұйымдастырылған іс-шаралар шеңберінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты Шет тілдер және іскерлік карьера университетімен бірлесе отырып «Қожа Ахмет Ясауиді түсіну» атты конференция ұйымдастырды. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің М. А. Ерсой залында өткен бұл іс-шараға Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңесінің мүшесі профессор, доктор Мухиттин Шимшек, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры профессор, доктор Сабри Хизметли, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек, баяндамашылар ретінде Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің проректоры доцент, доктор Қуанышбаев Ержан Айтуұлы қатысты.
Конференцияның ашылу рәсімінде Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры профессор, доктор Сабри Хизметли бүкіл әлемге әсер еткен ұлы ойшыл Ахмет Ясауи түркі әлемінің ортақ бабасы деп мәлімдеді. Конференцияның модераторы болған Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңесінің мүшесі профессор, доктор Мухиттин Шимшек өз сөзінде ауыр қиындықтар мен рухани кедейлік заманында Ахмет Яссауи мен оның шәкірттері Мәулана, Юнус Эмре, Қажы Бекташ Уәли сынды ғұламалардың ойлары мен ұлағатты сөздері айтылатын конференцияның ұйымдастырылуы үлкен қуаныш екенін білдірді.
Баяндамашы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің проректоры доцент, доктор Қуанышбаев Ержан Айтуұлы өз сөзінде «хикмет» сөзінің мағынасын түсіндіріп, Қожа Ахмет Ясауидың хикметлерінен мысал келтірді. Ислам дінін үйреткен Ахмет Ясауидың хикметтерінің Орталық Азиядан Анадолы, Иран, Ирак, Балқан, тіпті Үндістанға дейін таралуы оның бұл аймақтарда ықпалды тұлға болғанын көрсетеді деп түйіндеді. Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз өз баяндамасын «Диуан-и Хикмет» сөздерімен бастап, түркі халқының руханиятында жоғары орынға ие болған Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен философиясын оның өмірінен мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Профессор, доктор Мұса Йылдыз Қожа Ахмет Ясауидың шығармаларындағы негізгі идея рухани байлық, адамгершілік және төзімділік сияқты құндылықтарды дамыту екенін атап өтті. Шығармаларын қарапайым халық оңай түсіне алатындай сөздермен түркі тілінде жазып, түсіндіруінің арқасында хикметтері кең жұртшылық тарапынан жақсы бағаға ие болды деп айқындады. Сондай-ақ, 2016 жылдың ЮНЕСКО тарапынан «Ясауи жылы» болып жарияланғанын атап өтіп, осы жылы жүзеге асырылған іс-шаралар туралы ақпарат берді. Қожа Ахмет Ясауидың өмірінен мысалдар келтіре отырып, оның ілімін балаларға арнайы түсіндіру үшін әзірленген кітаптар туралы ақпарат берді.
Конференция соңында баяндамашылар қатысушылардың Қожа Ахмет Яссауиға қатысты сұрақтарына жауап берді.