Еуразия ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы доцент, доктор Жомарт Жеңіс Қазақстан мен Иран арасындағы тарихи байланыстар
Еуразия ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы доцент, доктор Жомарт Жеңіс Қазақстан мен Иран арасындағы тарихи байланыстар, экономикалық және саяси қарым-қатынастар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында екі ел арасындағы диалог туралы ақпарат берді. Доцент, доктор Жомарт Жеңіс баяндамасын Қазақстан мен Иран аймақтарында тұратын ұлттар туралы тарихи мағлұмат беруден бастады. Ежелгі түркілерден селжұқтарға дейін және Кеңес Одағынан қазіргі заманға дейінгі кезеңде Қазақстан-Иран қатынастары туралы әр түрлі ақпаратпен бөлісті.
Тарихта селжұқтардың Иран аймағында орналасып, шағын бөліктерге бөлінген мемлекеттерді біріктіргенін айтты. Сондай-ақ, сол уақытта қауіпті діни ағымдардың таралуына жол бермегені жөнінде де сөз етті. Бұған қоса, селжұқтар билігінің қол астындағы аймақтардың сол кезеңде экономикалық және мәдени тұрғыдан дамығаны туралы айтты. Бүгінгі таңда Иранда 10 мыңға жуық қазақтың тұратынын атап өтіп, Ирандағы радиолардың кейбір бағдарламаларын қазақ тілінде жүргізетінін тілге тиек етті.
Семинар барысында доцент, доктор Жомарт Жеңіс Иранның Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі екенін атап өтіп, 1992 жылы құрылған екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қазіргі күнге дейін бейбіт жолмен жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар, 2014 жылы жүк тасымалында шығындарды азайту мақсатында Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісінің ашылғанын айтып, бұл теміржол желісінің 82 шақырымының Иран, 700 шақырымының Түркіменстан және 120 шақырымының Қазақстан тарапынан салынғанын мәлімдеді.
Екі елдің де сауда қатынастарында негізінен, шикізат өнімдері саудасының көзге түсетінін атап өтті. Мысалы, Иранның Қазақстанға орман жаңғағы, көкөніс, жүзім және цемент экспорттайтынын, ал Қазақстаннан бидай, темір және болат сияқты өнімдерді импорттайтынын айқындады. Иранның 2008 жылдан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болуға өтініш білдіргенін және 2017 жылы толық мүшелікке қабылданатынын хабарлады. Сонымен қатар, Иранға қарсы салынған эмбаргоның толық алып тасталмағанын, Иранның мұнай өндірісінің артуы мұнай бағасына елеулі әсер ете қоймайтынан мәлімдеді. Семинар соңында таман Қазақстанның Иранға инвестициялары туралы түрлі ақпарат берумен қатар, ауыл шаруашылығы және алтын өндірісі саласына инвестициялар жайлы баяндады.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстан және Иран қарым-қатынастарын талқылап, осы мәселе бойынша пікір алмасты.