Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмермен кездесті. Сапар барысында доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер институт мақсаты мен міндеті туралы мағлұмат берді
Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмермен кездесті. Сапар барысында доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер институт мақсаты мен міндеті туралы мағлұмат берді, сондай-ақ институттың өз қызметін тиімді түрде жалғастыратынын айтып, алдағы кезеңде ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы хабардар етті.
Ал Бас консул Рыза Қаған Йылмаз институт директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмерге жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ екі елдің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығын дамыту маңызды екенін атап өтті және осыған байланысты институттың ғылыми зерттеулер арқылы Түркия мен Қазақстанның жетістігі үшін аянбай еңбек ететініне сенімін білдірді.