Доктор Нұрсейіт Ниязбеков семинарында әлеуметтік капиталға қатысты зерттеулер жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Бұл зерттеулер арасында әлеуметтік капитал терминін алғаш рет қолданған доктор Роберт Патнэмның түрлі еңбектері жайлы айтып өтті.
Доктор Нұрсейіт Ниязбеков семинарында әлеуметтік капиталға қатысты зерттеулер жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Бұл зерттеулер арасында әлеуметтік капитал терминін алғаш рет қолданған доктор Роберт Патнэмның түрлі еңбектері жайлы айтып өтті. Ол əлеуметтік капиталдың қалыптасуы мен қолданылуының маңызды аспектілерін қарастырып, əлеуметтік капиталды түрлі қоғамдарда қолдану мысалдарын келтірді. Сонымен қатар, Ниязбеков әлеуметтік капиталдың оң және теріс болып екіге бөлінетінін айтып, осы екі ұғымның әрқайсысына тоқталып өтті.
Оң әлеуметтік капитал халықтың әлеуметтік іс-шаралар мен ұйымдарға қатысуын арттырып, қоғамның күнделікті өмірден саяси оқиғаларға қатысты көзқарасын белсенді түрде білдіруіне септігін тигізетінін тілге тиек етті. Ал теріс әлеуметтік капитал адамдардың тұрақтылық пен күнделікті өміріне бейімделіп, оқиғаларға қатысты ішкі динамизмін жоғалтуына себеп болатынын айтты. Осы орайда демократия деңгейі жоғары елдерде оң, ал төмен елдерде – теріс әлеуметтік капиталдың басымырақ болатынын атап өтті.
Қазақстанда адами капиталға арналған «Қазақстан-2050» және «Саламатты Қазақстан» сияқты ұлттық даму стратегияларына тоқталып өтті. Осы стратегиялардың негізінде адами капиталға жасалатын инвестицияның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысынан маңызды болып табылатынын айқындады. Сондай-ақ, Қазақстанда адами капитал ұғымына көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.
Семинар барысында Нұрсейіт Ниязбеков Қазақстандағы әлеуметтік капиталдың қазіргі жай-күйі мен жаңа үрдістері туралы көптеген ақпарат берді. Талдықорған қаласында әлеуметтік капитал бойынша жасаған ғылыми зерттеуіне қатысты ақпаратпен бөлісті. Зерттеуінде Талдықорған қаласының ең танымал және осы өңірдегі әлеуметтік капиталдың дамуына үлес қосқан «Сары Талдықорған» газетінің маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік капитал мен демократия арасындағы қарым-қатынастар бойынша өз талдауымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстанда әлеуметтік капиталдың дамуындағы мәселелер туралы пікір алмасты.