Еуразия ғылыми-зерттеу институтын 2014 жылдың тамыз айынан бастап институттандыру кезеңінде басқарған доцент, доктор Невзат Шимшектің қызметтен кетуіне байланысты доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер жаңа директор болып тағайындалды.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтын 2014 жылдың тамыз айынан бастап институттандыру кезеңінде басқарған доцент, доктор Невзат Шимшектің қызметтен кетуіне байланысты доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер жаңа директор болып тағайындалды. Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз Алматыға сапары аясында институтымызда өткен кездесуде доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмерді институт қызметкерлеріне таныстырып, болашақ жоспарларымен және мақсаттарымен бөлісті.
Профессор, доктор Мұса Йылдыз өз сөзінде доцент, доктор Невзат Шимшектің басқару кезеңінде ауқымды жұмыстардың атқарғанын және мекемені институттандыру тұрғысынан елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтіп, доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмердің институтты одан әрі дамытатынын айтты. Доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер өз кезегінде институттың өз жұмысын жалғастыратынын және алдағы уақытта одан әрі табысты дамитындығына сенімін білдірді. Кездесуден кейін профессор, доктор Мұса Йылдыз бен институт қызметкерлерінің қатысуымен жаңа университеттік дәстүрге айналған тағайындау рәсімі өтіп, доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер институт директоры ретінде ресми түрде жұмысқа кірісті.