Семинар басталмастан бұрын Премьер-министрлік Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі төрағасының орынбасары Сайит Юсуф, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек сөз сөйледі.
Семинар басталмастан бұрын Премьер-министрлік Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі төрағасының орынбасары Сайит Юсуф, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек сөз сөйледі.
Профессор, доктор Женгиз Томар семинарда Таяу Шығыста болған оқиғалар мен қазіргі мәселелер арасындағы байланыс, аймақтағы соңғы оқиғалар мен олардың жаһандық және аймақтық акторлардың саясатына әсері сияқты тақырыптарды қозғады. «Таяу Шығыс» сөзінің ағылшын тілінен аударылғанын және араб тілінде бұл аймақтың «Машрик» деп аталатынын мәлімдеді. Таяу Шығыстың адамзат тарихының орталығы болғанын, себебі сол заманда өмір сүрген адамдардың климаттық жағдай мен су көзіне жақын жерлерде орналасқанын айтты.
Таяу Шығыс аймағында суннизм, шиизм және хариджизм тәрізді үш негізгі мазхабтың болғанын және мәселелердің көбінесе Иран тарапынан қолдау табатын шииттер мен Сауд Арабиясынан қолдау табатын жаңа хариджиттер арасындағы қақтығыстардан туындайтынын тілге тиек етті. Осман империясы кезінде түріктерің Таяу Шығысқа келуімен аймақтың біріккенін және шиит құрылымдарының шектелгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, аймақтың ең бейбіт кезеңі XIX ғасырға дейін Осман билігі тұсында болғанын атап өтті. Себебі ол кезде Осман империясы мемлекетке мойынсұнып, салықтарды төлейтін мазхабтарға тимей, мемлекетте радикалдардың пайда болуына жол бермеген еді.
Семинар жалғасында XIX ғасырда ұлтшылдықтың артуына байланысты және Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен бейбіт кезеңнің аяқталғаны айтылды. 1916-1918 жылдардағы Ұлы Араб көтерілісі мен Сайкс-Пико келісімінің аймақтағы күш тепе-теңдігіне әсері туралы ақпарат берді. Бұл ретте ағылшындардың тәуелсіз араб мемлекетін құруға рұқсат бермегенін және XX ғасырда құрылған микро-ұлтшылдық негізінде қазіргі уақытта 23 араб мемлекетінің бар екенін атап өтті. Аймақтағы елдер 1950-1980 жылдары тәуелсіздікке қол жеткізсе де, биліктің халыққа берілмегенін айтты. Сол кезеңде төңкерістердің жиі болып тұрғанын және билік басына Батыс пен империялық державалардың мүдделеріне сай келетін диктаторлардың келгенін тілге тиек етті.
Аймақтағы күш тепе-теңдігінің өзгеруіне әсер еткен 3 жағдайдың болғанын айтты. Олар: 1979 жылғы Иран революциясы, 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы және 2001 жылы Түркияда исламшыл партияның үкімет басына келуі. Бүгінгі таңда аймақтың ең маңызды мәселелерінің бірі араб ұлтшылдығының белсенділігін сақтай алмауы нәтижесінде радикалды топтардың пайда болуын атап көрсетті. Сонымен қатар, АҚШ-тың кезінде Иракқа басып кіруі, Ресейдің Сириядағы соғысқа тікелей араласуы аймақтағы мәселелердің артуына әкеп соқты деді. Сөз соңында аймақта тура XX ғасырдағыдай құрылымда, бірақ бұл жолы мемлекеттерді мазхабтар бойынша бөліп-жару арқылы микро мемлекеттер құруға тырысып жатқандарын және бұл бағытта «Әл-Каида», ДАИШ және «Күрдтердің жұмысшы партиясы» сияқты астыртын ұйымдар арқылы өз стратегияларын жүзеге асырып жатқандарын айқындап, өз сөзін аяқтады.