«BEM-BİR-SEN» кәсіподағының Қазақстанға сапары аясында кәсіподақ төрағасы Мүрсел Тұрбай, төраға орынбасарлары Гүркан Альпер, Реджаи Карслы және «BEM-BİR-SEN» ұйымының білім беру бойынша кеңесшісі профессор, доктор Айтач Екер Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды.
«BEM-BİR-SEN» кәсіподағының Қазақстанға сапары аясында кәсіподақ төрағасы Мүрсел Тұрбай, төраға орынбасарлары Гүркан Альпер, Реджаи Карслы және «BEM-BİR-SEN» ұйымының білім беру бойынша кеңесшісі профессор, доктор Айтач Екер Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды. Институттың қызметі туралы презентация жасалғаннан кейін доцент, доктор Невзат Шимшек институттың Қожа Ахмет Ясауи университетінің мақсаты мен міндеті аясында қызмет атқарып жатқандығын, осыған байланысты Түркия-Қазақстан қарым-қатынастарын дамытуға үлес қосып, түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға байланысты ғылыми зерттеулер жасайтындығымен қатар, осы саладағы түрлі жобаларға қолдау көрсетіп келе жатқандығын айтты. «BEM-BİR-SEN» кәсіподағы мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты арасында ғылыми ынтымақтастық бағыттары бойынша өз пікірлерін айтты.
Кездесу барысында «BEM-BİR-SEN» кәсіподағының төрағасы Мүрсел Тұрбай кәсіподақтың құрылуы, мүшелері, мақсаты мен қызметі туралы ақпарат берді. Халықаралық еңбекшілер қозғалысы конфедерациясын құрғандарын және әлемнің түкпір-түкпірінен мүшелерінің болғанын айтты. Кәсіподақ қызметінен бөлек әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлетіндерін және осы мәселе бойынша түрлі жарияланымдар жасағандарын, сондай-ақ бірқатар жоғары оқу орындарымен және стратегиялық зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатқандарын мәлімдеді. Екі елдің студенттері бір-бірінің мәдениеттерін жақсырақ тану үшін бірлескен іс-шара ретінде жазғы мектеп ұйымдастыру мүмкіндігі туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстанда муниципалдық қызметкерлермен тәжірибе алмасу шарасын және кәсіподаққа қатысты Еуразия ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болатынын тілге тиек етті.
Төраға орынбасары Реджаи Карслы бірлескен ынтымақтастық туралы сөз қозғап, Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен аймақтағы кәсіподақтардың жұмыс құрылымы туралы ақпаратпен бөлісу және стратегия мен білім өндіру саласында ынтымақтастық жасауға болатынын айтты. Төраға орынбасары Гүркан Альпер «BEM-BİR-SEN» кәсіподағының үкіметтік емес ұйым ретінде БҰҰ-ның әлеуметтік және экономикалық бөліміне тіркелгенін мәлімдеді. Қазақстанды жақсырақ тану үшін институттың стратегия жасау мүмкіндіктерін пайдаланып, стратегия және ақпарат өндіру саласында ынтымақтастық жасау мүмкіндігі туралы атап өтті. Білім беру бойынша кеңесші профессор, доктор Айтач Екер іскерлік өмір, білім беру және муниципалитет мәселелері бойынша білім алу саласында ынтымақтастық жасауға болатынын тілге тиек етті.
Кездесу соңында бірінші үйлестіру отырысында Орталық Азия елдерінде «Іскерлік өмір және кәсіподақтар: ағымдағы ахуалы» деп аталатын есеп дайындап, оны «BEM-BİR-SEN» тарапынан басып шығару және кейінірек «Еуразия елдерінде іскерлік өмір және мәселелері» атты симпозиум өткізу жөнінде шешім қабылданды. Алдағы болашақта ғылыми қызметкерлермен, ұйым мамандарымен алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлесіп мақала және жарияланымдар басып шығару, республикалық және халықаралық семинарлар, конференциялар, симпозиумдар мен ғылыми отырыстарға қатысу және оларды ұйымдастыру, әсіресе іскерлік өмір, муниципалитет, жергілікті билік органдары, жергілікті үкімет, білім беру, мәдениет және басқа да салаларда бірлескен жобалар мен зерттеулер жүргізу, жарияланған академиялық материалдармен және басқа да ақпаратпен алмасу, арнайы қысқа мерзімді академиялық және сертификат беру бағдарламалары сияқты салаларда ынтымақтастық орнату мақсаты көзделіп отыр.