Э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова семинарда денсаулық сақтау мен экономика арасындағы байланыс, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және денсаулық сақтау экономикасы мәселелері туралы толық ақпарат ұсынды.
Э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова семинарда денсаулық сақтау мен экономика арасындағы байланыс, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және денсаулық сақтау экономикасы мәселелері туралы толық ақпарат ұсынды. Көптеген жылдар бойы елдердің даму деңгейі жалпы ішкі өнім, жұмыссыздық деңгейі және инфляция сияқты жалпы экономикалық деректермен өлшенгенін айтты. Бірақ соңғы жылдары экономистер бұл өлшемдер елдің даму деңгейін өлшеуде жеткіліксіз болғандықтан басқа факторлардың да қарастырыла бастағанын тілге тиек етті.
Э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова әлеуметтік-экономикалық құрылымның өмір деңгейіне тікелей әсер ететінін айтты. Әлеуметтік-экономикалық құрылымда білім беру деңгейі, жұмыспен қамтылғандар саны және денсаулық сақтау сияқты негізгі факторларды қарастыруға болатынын айтты. Баяндамашы денсаулық сақтау экономикасы саласындағы маңызды зерттеулерге тоқталып өтіп, бұл зерттеулер ұсынған дәлелдер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынды. Денсаулықтың адам капиталының ең маңызды бөліктерінің бірі екенін айтып, денсаулық сақтау экономикасын инвестиция және тұтыну болып екі санатқа бөлінетінін атап өтті. Бұл орайда жас пен басқа да факторларға байланысты адамдардың денсаулығына түрлі деңгейлерде инвестиция салу керектігін айтты.
Ләззат Спанқұлова семинар жалғасында жүргізген зерттеулерімен бөлісіп, табыс көздері артқан сайын халық денсаулығының сапасы да жақсара бастағанын айтты. Бірақ белгілі бір өзгерісті кезеңнен кейін артқан табыстың денсаулық сапасына әсерінің азайғанын және осы өзгерісті кезеңнен кейінгі табыстан алынатын бірқатар салық пен мемлекеттің бұл жинаған табысты бүкіл халыққа таратуы арқылы барлық тұрғындардың денсаулық деңгейін жақсартуға болады деген пікірін білдірді. Спанқұлова зерттеуде қолданған әдістер мен әлеуметтік сауалнамалар туралы баяндап, сауалнамаға Қазақстан бойынша жасы 18-ге толған 3868 адамның қатысқанын, сауалнамада 36 сұрақтың жеті категория бойынша бағаланғанын және сауалнаманың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережелеріне сәйкес әзірленгенін айтты.
Зерттеу нәтижелерімен бөліскен Спанқұлова қатысушылардың табыс деңгейі, жынысы және басқа да ақпарат туралы айтып, қатысушылардың табыс деңгейі мен түрлі аурулар арасындағы байланысқа тоқталып өтті. Жалпы алғанда, табысы жоғары қатысушылар төмен табысы бар қатысушыларға қарағанда азырақ ауыратынын айқындады. Зерттеу барысында қатысушыларды табыс деңгейіне қарай 5 түрлі топқа бөліп қарастырғанын айтты. Себебі табыс деңгейі әр түрлі болған топтардың сұрақтарға көзқарасы бір-біріне ұқсамауы мүмкін.
Спанқұлова сондай-ақ экономикалық үлгілеу нәтижелерімен де бөлісті. Мысалы, денсаулық сақтау, жас, отбасы жағдайы, білім және табыс деңгейі сияқты факторлардың денсаулыққа немесе нашар өмір сүру жағдайына қатынасы туралы кейбір мәліметтерді айтып өтті. Бұл факторлардың ішінде нашар өмір сүру жағдайына ең көп ықпал жасайтын факторлардың медициналық көмекке қол жеткізе алмау және табыс деңгейі екенін айтып, баяндамасын аяқтады.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстандағы денсаулық сақтау саясаты туралы түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.