Конференцияны ашып берген Еуразия Ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер, профессор Хусеин Бағжының ғылыми еңбек жолы туралы сөз қозғап, конференцияға қатысушыларға құнды мәліметтер ұсынды.
Конференцияны ашып берген Еуразия Ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер, профессор Хусеин Бағжының ғылыми еңбек жолы туралы сөз қозғап, конференцияға қатысушыларға құнды мәліметтер ұсынды. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Еуразиның кіндігінде орналасқан Алматыда Еуразияның маңызды мәселелерін қамтитын конференция өткізген ғалым профессор Хусеин Бағжыға өз қуанышы мен зор алғысын білдіріп, конференцияны өткізуге еңбегің сіңген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер мырзаға және баршаға алғысын білдірді.
Өз баяндамасын бастаған профессор Бағжы, конференцияға қатысып отырған білім жолындағы барша жасқа және ғылым жолындағы ізденушілерге ең алдымен ғылымда еркін ойлау мен академиялық тұрғыдан ойлаудың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Еуразиядағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты көзқарастарын баяндаған Хусеин Бағжы Генри Киссинджердің үш тұрақты күш ретінде атап көрсеткен АҚШ, ЕО және Ресейдің аймақтағы ықпалы және даму үстіндегі күш орталықтары ретінде Қытай, Үндістан және Оңтүстік Азия мемлекеттернің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты Қазақстанның және мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне тоқталып, 2016 жылы Ресей мен Түркия арасында туындаған кризисте Қазақстанның бітімгершілік бастамаларының көмегімен қарым-қатынастардың реттелгеніне қатысты өз сараптамасымен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстанның Ресей мен Қытай арасындағы ось статусына және оның аймақтағы әсеріне қатысты бірқатар еңбектер туралы әңгімеледі. Конференцияға қатысушылар тарапынан қойылған, Түркияның НАТО-дан шығу ықтималдығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болуы туралы әңгіменің шындығы, Түрік Кеңесі шеңберінде түркітілдес мемлекеттер арасында әскери ынтымақтастық құрылуы мүмкін бе деген сияқты көптеген сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
Конференция соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер, доктор, профессор Хусеин Бағжыға институт тарапынан дайындалған алғысхат пен институт басылымдарын табыстады.