Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Сапар барысында профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов мырзаға институт ғимаратының физикалық мүмкіндіктері көрсетіліп, институт қызметкерлерімен танысу рәсімі өткізілді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Сапар барысында профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов мырзаға институт ғимаратының физикалық мүмкіндіктері көрсетіліп, институт қызметкерлерімен танысу рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер институт қызметі туралы презентация жасады.
Презентациядан кейін профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов әкімшілік-басқару қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер және директор орынбасары Женгизхан Жаналтай институт қызметі туралы және болашаққа қатысты қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлары туралы толық ақпарат берді. Профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов өз кезегінде институттың қызметі мен болашақтағы стратегиялық жұмыс жоспарлары туралы өз пікірлерін білдірді. Ол институттың жалпы жұмысына қанағаттанғандығын айтып, бұдан да жақсы деңгейге жету бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Әбдірасылов мырза Институтқа сәттілік тілеп, алдағы кезеңде институттың алдына қойған мақсаттарына жететініне сенім білдірді және бастамаларына әрқашан қолдау көрсететінін атап өтті.