Проф. Доктор Нургүл Кылынч семинарында «Сапа кепілдігі» терминін түсіндіріп, білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйелері қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Кылынч Түркияда бұған қатысты нормативтік құқықтық жүйе қалыптастырылғанын атап өтіп, 2015 жылы 23 шілдеде ресми газетте «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық» жарияланғанын айтты.
Проф. Доктор Нургүл Кылынч семинарында «Сапа кепілдігі» терминін түсіндіріп, білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйелері қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Кылынч Түркияда бұған қатысты нормативтік құқықтық жүйе қалыптастырылғанын атап өтіп, 2015 жылы 23 шілдеде ресми газетте «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық» жарияланғанын айтты. Түркияда бұрын жоғары оқу орындарының саны аз болғанын, ал қазіргі таңда өсу үрдісі байқалғанын мәлімдеді. Олар сандық көрсеткіштермен қатар сапаны арттыруды да мақсат ететіндерін тілге тиек етті.
Профессор, доктор Нургүл Кылынч американдық университеттер қарқынды дамып, алдыңғы қатарға шыққаннан кейін «Жоғары білім саласындағы сапа және сыртқы бағалау үдерісі» мәселесі одан әрі өзекті болып, күн тәртібіне ене бастағанын айтты. Еуропа университеттері де бәсекеге қабілетті болу үшін бірқатар одақтар құра бастағанын айтты. Жоғары білім саласындағы сапа мен сыртқы бағалау үдерісінде кездесетін мәселелерге тоқталған Кылынч халықаралық тәжірибеден мысалдар келтірді.
Кылынч Қазақстанның осы салада дамуы үшін сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру арқылы жоғары оқу орындарының сапасын қалай арттыруға болатынын түсіндірді, сондай-ақ болашақта қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғары деңгейге көтерілу әлеуеті бар екенін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты.