Семинарда доктор Тугба Шенер «баяу сән» ұғымы мен жалпы баяу сәндегі сапа түсінігі туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ тұтынушылардың баяу сәнде қандай ерекшеліктерді жоғары бағалайтынын Түркия мен Қазақстан мысалдары негізінде баяндап берді.
Семинарда доктор Тугба Шенер «баяу сән» ұғымы мен жалпы баяу сәндегі сапа түсінігі туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ тұтынушылардың баяу сәнде қандай ерекшеліктерді жоғары бағалайтынын Түркия мен Қазақстан мысалдары негізінде баяндап берді. Тугба Шенер баяу сән ұғымы жылдам сәнге қарсы ұғым ретінде пайда болғанын атап өтіп, жылдам сәнге өндіру мен таратудың қысқа мерзімі, шағын мөлшерде жоғары сапалы үлгілердің алуан түрлері, қолжетімді бағалар және трендтегі дизайн сияқты ерекшеліктер тән екенін тілге тиек етті.
Семинарды жалғастыра келе Шенер тұтынушылар баяу сәнді қалай қабылдайтынын түсіндіріп, баяу сәнге жергіліктілік тән екенін және оны өндіруде жергілікті ресурстар мен өндіріс құралдары пайдаланылатынын айтты. Мысалы, Қазақстанда жүн ресурстары көп болғандықтан баяу сәнде көбінесе жүннен жасалған киім-кешек жасаған жөн деді.
Шенер жалпы Түркияда тұтынушылар киім-кешекте жергіліктілік және артықшылық, ал Қазақстанда бірдейлік және функционалдылық сияқты ерекшеліктерді бағалайтынын тілге тиек етті.
Семинар соңында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты.