Марат Мұсабеков семинарында «киберқауіпсіздік» ұғымы туралы мағлұмат беріп, Қазақстанның киберқауіпсіздік жүйесіндегі соңғы өзгерістерге тоқталып өтті. Мұсабеков Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2006 жылы басталып, «киберқауіпсіздік» термині халықаралық деңгейде заңды түрде қабылданбаған термин екенін тілге тиек етті.
Марат Мұсабеков семинарында «киберқауіпсіздік» ұғымы туралы мағлұмат беріп, Қазақстанның киберқауіпсіздік жүйесіндегі соңғы өзгерістерге тоқталып өтті. Мұсабеков Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2006 жылы басталып, «киберқауіпсіздік» термині халықаралық деңгейде заңды түрде қабылданбаған термин екенін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ, Орталық Азия елдері арасында Ресей мен Қазақстанның киберқауіпсіздік саласында көш бастап келе жатқан елдер екенін атап өтіп, статистикалық деректермен бөлісті.
Семинар жалғасында Мұсабеков 2017 жылдан бері киберқауіпсіздік саласында маңызды қадам басқан Қазақстанның осы салада арнайы ұлттық жобаны әзірлегенін, соның нәтижесінде елде жергілікті антивирустық бағдарлама қолданыла бастағанын айтты. Мұсабеков 2022 жылы Қазақстанның Жаһандық киберқауіпсіздік индексі рейтінгінде 0,600 индексіне жетуді көздеп отырғанын және бұл көрсеткішке қол жеткізген соң Қазақстанның Жаһандық киберқауіпсіздік индексі рейтінгінде алғашқы 30 елдің қатарына кіретінін айтты. Сонымен қатар, баяндамашы Қазақстанда киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін үш компания туралы айта келе, бұл компаниялардың аталмыш салада ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатынын мәлімдеді.
Мұсабеков Қазақстанға жаппай шабуыл жасалған жағдайда мемлекеттік барлау агенттігі елдің кез-келген жерінде интернетті өшіре алатынын мәлімдеді. Қорытындылай келе, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай сенімді киберқалқанын құру өте маңызды екенін тілге тиек етті.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстан мен Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.