Тұрғынов Еркінбек баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қарастырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Осыған байланысты түркі халықтарының ортақ әліпбиді қолдану маңыздылығы мен өзектілігі туралы дәлелдер келтіріп, әртүрлі ұсыныстар жасады.
Тұрғынов Еркінбек баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қарастырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Осыған байланысты түркі халықтарының ортақ әліпбиді қолдану маңыздылығы мен өзектілігі туралы дәлелдер келтіріп, әртүрлі ұсыныстар жасады.
Тұрғынов баяндама барысында түп тамыры бір түркі халықтары мәдени құндылықтарын сақтап қалу арқылы жаһандану үдерісінде өз пікірін білдіру құқығына ие бола алатынын баса айтты. Тарихы Алтайдан бастау алатын түркі халықтары әртүрлі саяси қысымдарға ұшырағанын, әсіресе ХХ ғасырда мәдени тұрғыдан бір-бірінен алшақтап кеткенін тілге тиек етті. Тұрғынов XXI ғасырда бұл кемшіліктерді жою үшін ең алдымен ортақ әліпби бойынша мәселелерге шешім табу қажеттігін атап өтті.
Түркі халықтары үшін ортақ латын әліпбиін енгізу қажеттілігі мәселесі алғаш рет 1926 жылғы 26 ақпанда Баку қаласында өткен І Жалпыодақтық түркітану съезінде күн тәртібіне енгізілген болатын. Бұл съезге Солтүстік Кавказ, Сібір, Якутия, Татарстан, Қазақстан мен Орталық Азияның ғылыми және қоғамдық ұйымдарының атынан 111 өкіл, сондай-ақ Иран, Түркия, Германия, Австрия, Венгрия, КСРО және Украина ғылым академияларынан, Шығыстану ғылыми ассоциациясынан 20 ғалым қатысты. Тұрғынов аталмыш үдерістің ғылыми бастамасы туралы баяндап берді. Сонымен бірге, Әзірбайжанның астанасы Бакуде тарихи съезд аяқталғаннан кейін баспасөз беттерінде латындандыру мәселесін қайта талқылай бастаған қазақ интеллигенциясының бұл бағыттағы жұмыстары қазіргі заманғы мамандар үшін үлгі болып табылатынын айтты.
Алайда, латын әліпбиі мәселесі жөнінде қазақ қайраткерлерінен басқа көптеген ресейлік түркітанушылар да зерттеулер жүргізіп, әртүрлі көзқарастар ұсынғанын атап өтті. Сонымен қатар, латын әліпбиі мәселесінде кенже қалып қойған Қазақстанда 1926 жылы «Қазақ латын әліпбиінің қоғамы» құрылып, оның басшылығына Т. Шонанов тағайындалғанын айтты және бұл қоғамның жұмысы туралы ақпарат берді.
Тұрғынов кезінде латын әліпбиін пайдаланған Қазақстанның XXI ғасырдың алғашқы жартысында бұл мәселемен қайтадан бетпе-бет келгенін және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
Тұрғынов латындандыру мәселесінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін латын әліпбиін қабылдаған Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстанның тәжірибесіне сүйену керек екенін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар баяндамашыға сұрақтар қойып, тақырып төңірегінде әртүрлі пікірлер ұсынды.