2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
Институттың конференц-залында өткен іс-шараға «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, «Мысль» журналының бас редакторы Аяған Сандыбай, «Ұйғыр Авази» газетінің бас редакторы Ершат Асматов және басқа да журналистер қатысты.
Дөңгелек үстел отырысының ашылу сөзін сөйлеген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер институттың ғылыми зерттеулері мен қызметі туралы ақпарат беріп, институттың мақсаты мен міндетін түсіндірді. Сүмер институттың құрылғаннан бері жалпы Еуразия аймағы, оның ішінде Орталық Азияға қатысты экономика, энергетика, қаржы, саясат, мәдениет және т.б. салаларда ғылыми зерттеулер жүргізіп, түрлі іс-шараларды ұйымдастыратынын тілге тиек етті, сондай-ақ болашақ мақсаттарымен бөлісті.
Кездесу барысында «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өз алғысын білдірді. «Газетімізде бес-алты апталық талдауыңызды жарияламақпыз. Ғылыми тұрғыдан жан-жақты ойлайтын, өзіндік пікірі бар зерттеушілермен қарым-қатынас орнатуымыз қажет. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен байланыс орнату біз үшін де, оқырмандар үшін де өте маңызды» деді.
«Мысль» журналының бас редакторы Аяған Сандыбай: «Біз үшін жас ғалымдармен қарым-қатынас құру өте пайдалы. Көптілді жастар терең ойларға ие. Сондықтан Еуразия ғылыми-зерттеу институты шығаратын «Азия Еуропа» журналындағы мақалаларды сілтеме жасап жариялау біздің беделімізді арттырып, оқырманға жаңалық әкеледі» деген пікір төңірегінде ой өрбітті.
«Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Еуразия ғылыми-зерттеу институтымен жасауға болатын ынтымақтастық туралы келісімдер үшін алғысын білдіріп, бұл жұмыстың барлық тараптар үшін маңызды екенін баса айтты. Кездесуден кейін қатысушылар болашақта баспасөз саласында да бірге жұмыс істеуге шешім қабылдады.
Кездесу соңында доцент, доктор Вакур Сүмер құрметті БАҚ өкілдеріне Еуразия ғылыми-зерттеу институтының басылымдарын сыйға болды.