Доцент, доктор Чағла Гүл Йесевидің семинары Алматы сапары аясында институтымызда қонақ болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті профессор, доктор Қамалбек Беркімбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Доцент, доктор Чағла Гүл Йесевидің семинары Алматы сапары аясында институтымызда қонақ болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті профессор, доктор Қамалбек Беркімбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви баяндамасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының энергия тақырыбында өте жақсы зерттеулер жүргізгенін айта отырып, өз баяндамасының негізгі бағыттарын сипаттады. Әлемдегі энергетика мәселесі және осы бағыттағы тақырыптардың жалпы проблемалары туралы әңгімелей отырып, баяндамасын бастаған доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви жалпы бүкіл әлемдегі, атап айтқанда, Еуразия аймағындағы ең маңызды энергетикалық құбыр жолдары және энергияны өндіретін және тұтынатын елдерге мысалдар келтірді.
Семинар жалғасында энергетикалық құбыр жолдарының қалай қаржыландырылғаны және заңды түрде қай жағына назар аудару керектігі туралы баяндаған Йесеви Еуразиядағы энергетика саясатының халықаралық аспектілерін түсіндірді. Энергия саласының ғаламдық және аймақтық негізгі субъектілері туралы баяндаған Йесеви Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің соңғы жариялаған кестелерін семинарға қатысушыларға ұсынды. Бүкіл әлемде көмірдің 114 жылдық, табиғи газдың 53 жылдық және мұнайдың 51 жылдық қоры қалғанын баяндаған Йесеви энергетикалық сарапшылардың пікірінше жаңа пайда болған әдістермен бұл көрсеткіштердің өзгеретіндігін және арту мүмкіндігін атап көрсетті. Сондықтан, Еуразия аймағындағы елдер көптеген энергетикалық ресурстарға ие болса да, жаңартылатын энергия көздеріне және таза энергия көздеріне мән берулері керектігін атап айтты.
Семинар соңында қатысушылар Еуразиядағы энергетикалық ресурстар туралы өз пікірлерімен бөлісті.