Доцент, доктор Чағла Гүл Йесевидің семинары Алматы сапары аясында институтымызға қонақ болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті профессор, доктор Қамалбек Беркімбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Доцент, доктор Чағла Гүл Йесевидің семинары Алматы сапары аясында институтымызға қонақ болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті профессор, доктор Қамалбек Беркімбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви семинар барысында 1930-шы жылдары Түркістаннан Ауғанстанға, одан Түркия мен Арабияға қоныс аударған Түркістандықтардың көші-қон кезінде басынан кешкен жағдайларын, тіршілік көзін қалай жүргізгенін, түрлі елдерде қалай өмір сүргендігін және өз тілдері, әдет-ғұрыптары мен мәдениеттерін қалай сақтап қалғандығы туралы ақпараттармен бөлісті. Ең алдымен, бұл зерттеудің Ыстамбұл мәдениет университеті Технология және жоба қолдау бөлімі тарапынан қаржыландырылғанын баяндаған доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви зерттеудің қоныс аударушыларға қатысты әдебиеттерден алынған дереккөздерімен және қоныс аударуға қатысқандармен, олардың балаларымен және немерелерімен жүргізілген сұхбат аясында жүзеге асырылғанын айтты.
Семинардың жалғасында доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви қоныс аудару кезеңінде ұлы түркі сопысы Қожа Ахмет Ясауи ұрпағынан тараған Ясауи әулетінің де көш арасында болғанын, Ясауи ұрпақтарының біршамасы Ауғанстан асып Арабияға артынша Түркияға қоныс аударғанын баяндады. Доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви Түркістаннан қоныс аударғандардың Түркия, Арабия және АҚШ сияқты түрлі географиялық елді мекендерге қоныстануы және сол уақыттан бері бірнеше ұрпақ алмасуына қарамастан өздеріне тән және болашақ ұрпаққа мирас қалдырған тіл, әдет-ғұрып, мәдениет және бірегейлік сияқты құндылықтарын сақтап қалғандарын баяндады.
Семинар соңында Вице-президент профессор доктор Қамалбек Беркімбаев семинарда бөліскен маңызды ақпараттары үшін доцент, доктор Чағла Гүл Йесевиге алғыс білдіріп, Түркістан аймағының өткені және бүгіні туралы өз ойларын білдірді. Сөз соңында қатысушылар 1930-шы жылдары Түркістаннан қоныс аударудың негізгі себептері туралы, сондай-ақ көші-қонның Түркістаннан қоныс аудару кезеңінде бірегейліктің қалыптасуына ықпалы туралы өз пікірлерімен бөлісті.