Динара Талдыбаева семинарында Еуразия аймағындағы халықаралық саяси үдерістерде халықаралық көлік дәліздерінің алатын орны мен маңызы туралы баяндады. Әлемде ынтымақтастық жасау жолы ретінде «жаһандану» үдерісі жалғасуда. Сол сияқты, елдер арасындағы өзара ынтымақтастық пен бір-біріне деген экономикалық тәуелділікті арттыратын «аймақтандыру» үдерісі де жүріп жатыр. Талдыбаева осы екі үдерісті жан-жақты қарастырды.
Динара Талдыбаева семинарында Еуразия аймағындағы халықаралық саяси үдерістерде халықаралық көлік дәліздерінің алатын орны мен маңызы туралы баяндады. Әлемде ынтымақтастық жасау жолы ретінде «жаһандану» үдерісі жалғасуда. Сол сияқты, елдер арасындағы өзара ынтымақтастық пен бір-біріне деген экономикалық тәуелділікті арттыратын «аймақтандыру» үдерісі де жүріп жатыр. Талдыбаева осы екі үдерісті жан-жақты қарастырды. Ол, сондай-ақ, халықаралық көлік дәліздері халықаралық жүйенің бөлігі болып табылатынын және халықаралық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратындығын тілге тиек етті. Кіріспе бөлімінде зерттеудің тұжырымдамалық аспекті жайлы айтып өтіп, Ресей мен Қытай жетекшілігінде Еуразия аймағында жүргізіліп жатқан халықаралық көлік дәліздері жобаларының теориялық негізіне тоқталды.
Семинар барысында Талдыбаева Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі аясында Иран мен Пәкістанның бұл жобаларға ерекше мән беретінін айтты. Қытайдың «Белдеу және жол» жобасы шеңберінде бастаған халықаралық көлік жобаларында Иран мен Пәкістанға бағытталған стратегиялары туралы да сөз қозғады. Сондай-ақ, Ресей мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған «Приморье-1» және «Приморье-2» көлік дәліздерінің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, баяндамашы Қытайдың Иранға бағытталған Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол жобасы аясында 2018 жылы 12 контейнерлік пойыз (барлығы 130 вагон жүк) тасымалданғанын айтты. Талдыбаева, сондай-ақ, Қытайдың Пәкістанға бағытталған көлік жобаларының бастамасы болып табылатын Қарақорым тас жолы туралы ақпарат берді. Бұған қоса, Қытайдың «Белдеу және жол» жобасының бөлігі болып табылатын Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізінің құны 46 млрд. доллар екенін және Қытайдың Қашғар аймағы мен Пәкістанның Гвадар порты арасындағы ынтымақтастық пен қол жетімділікті арттыруға бағытталғанын айтты.
Семинар соңында қатысушылар тақырып төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, Институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер баяндамашыға сұрақтар қойып, болашақ зерттеу тақырыптары туралы ұсыныстар жасады