Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген ұғымдарға кеңірек тоқталып, елде белең алып жатқан интеграциялық үдерістерге көңіл бөлді.

Семинар жалғасында баяндамашы жобаны іске асыру барысында Қазақстанның инфрақұрылымдық әлеуеті мен геосаяси орналасуы бойынша көптеген артықшылықтарға ие болғанын айтып, сыртқы акторлардың ықпалы негізінде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, баяндамашы жобаның іске асырылуы барысында еуропалық көзқарасты да талқылады. Яғни, Қытай тарапынан бастама көтерілген әрбір жоба еуропалықтарға қауіп-қатер төндіргенімен, оның коммерциялық бағыты көпжақты сауда қарым-қатынасын ұлғайтатындығына көз жеткізді.
Тривин сонымен қатар, өзінің салааралық зерттеу барысында Қазақстандағы екі айлық зерттеу жұмыстарына байланысты жоспарлары туралы бөлісті. Атап айтқанда, Тривин Хоргос Қазақстан-Қытай еркін сауда аймағында зерттеу жүргізетіндігі жайында тілге тиек етті. Сол аймақтағы жергілікті қазақ ұлтының өкілдерімен кездесіп, сондай-ақ Ақтау теңіз портында жергілікті сарапшылармен интервью жүргізетіндігі туралы жоспарларымен қуана-қуана бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасты. Тривин екі айдан кейін өзінің зерттеу нәтижесін Еуразия ғылыми-зерттеу институтының сарапшыларымен тағы да ой бөлісетіндігі туралы ниетін білдіріп, зерттеу қорытындысын журналымызға жариялау жайында сөз қозғады.