Сәкен Мұқанұлы семинарында «Өндіруші Саланың Ашықтық Бастамасының» тарихына тоқталып, Бастама туралы кеңінен мағлұмат берді. Қазақстанның Бастама жүйесіндегі соңғы өзгерістеріне және стандарттарды толық орындауға қандай қиыншылықтармен кездесетіндігіне тоқталып өтті. Мұқанұлы Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2005 жылы басталып, яғни Бастамаға мүше болу меморандумына қол қойылғаннан кейін халықаралық деңгейде 2007 жылы Бастамаға толыққанды мүше болып қабылданғаны туралы тілге тиек етті.
Сәкен Мұқанұлы семинарында «Өндіруші Саланың Ашықтық Бастамасының» тарихына тоқталып, Бастама туралы кеңінен мағлұмат берді. Қазақстанның Бастама жүйесіндегі соңғы өзгерістеріне және стандарттарды толық орындауға қандай қиыншылықтармен кездесетіндігіне тоқталып өтті. Мұқанұлы Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2005 жылы басталып, яғни Бастамаға мүше болу меморандумына қол қойылғаннан кейін халықаралық деңгейде 2007 жылы Бастамаға толыққанды мүше болып қабылданғаны туралы тілге тиек етті. Ол сондай-ақ, Қазақстанда Бастама аясында үкімет тарапынан жасалынатын іс-шаралар арасында азаматтық қоғаммен бірлесе отырып жасалынған іс-шараларға тоқталып өтті.
Қазақстанның жаңа кезеңдегі жан-жақты модернизацияланудың ішкі және сыртқы саясаттағы басты басымдықтарының бірі – өндіруші саланың макроэкономикалық қайтарылым тиімділігінің едәуір артқандығы туралы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауларында сөз қозғайды. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, аймақтық энергетикалық кеңістікте Қазақстанның одан әрі даму ұстанымын нығайту мақсатында тұтастық стратегиясын әзірлеуді көздеп отыр.
Семинар жалғасында Мұқанұлы Қазақстанда Бастаманы енгізудің мұнай-газ компаниялары үшін артықшылығы мен пайдасы туралы айтып, саяси-экономикалық және беделдік тәуелділіктерін төмендету бойынша сөз қозғады. Саяси тұрақсыздық, жартылай ашық және жариялы емес мемлекеттік басқару нәтижесінде инвестиция салымдарының мемлекетке үлкен қауіп төндіретіндігі жайында да сөз қозғады. Өндіруші салаларда инвестиция салымдарының көп мөлшерде болуы, мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығынан пайда табу және тұрақсыздықтың төмендеуі артықшылық болып саналады. Сонымен қатар, үкіметке төленген төлемдердің ашықтығы бойынша іс-шаралар мұнай-газ компанияларына инвестициялық салымдардың мемлекеттің дамуына қандай үлес қосатындығын ашып көрсетуге мүмкіндік беретіні жайында талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар Өндіруші Саланың Ашықтық Бастамасының Қазақстандағы және әлемдегі қызметі бойынша пікір алмасты.