Мармара университетінің Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі профессор, доктор Шазие Абдуррахманоглу семинарда Корпоративтік коммуникациялар департаменті Мармара Университеті ректоратына байланысты болып, коммуникациялық мақсаттарды айқындау, корпоративтік имиджді дамыту және қолдау мақсатында стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Мармара университетінің Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі профессор, доктор Шазие Абдуррахманоглу семинарда Корпоративтік коммуникациялар департаменті Мармара Университеті ректоратына байланысты болып, коммуникациялық мақсаттарды айқындау, корпоративтік имиджді дамыту және қолдау мақсатында стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Осы мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы байланыс әрекеттерінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін мектептермен, жергілікті билік органдарымен, баспасөз ұйымдарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесе жұмыс жүргізілетінін айтты.
Профессор, доктор Шазие Абдуррахманоглу семинар барысында интернет, баспасөз қатынастары және әлеуметтік медиа жайында өз пікірімен бөлісіп, Мармара Университетінде өткізілген барлық ғылыми және әкімшілік іс-шараларға қатысты пресс-релиздер жасалып, жаңалықтар дайындау үшін департаментке және бұқаралық ақпарат құралдарына тез арада жіберілетінін айтты. Сондай-ақ, бұл департамент қоғамдық хабарландыруларды, қажет болған жағдайда ректор мен ректор орынбасарларына әр түрлі іс-шараларда сөйлейтін сөздерін де дайындап беретінін атап өтті.
Тұсаукесер, жәрмеңке және т.б. іс-шараларға қатысу күнтізбесі белгіленіп жүзеге асырылатынын айтқан баяндамашы мұндай іс-шараларда Мармара университетінде білім алғысы келетін оқушылардың, яғни мақсатты аудиторияның үміттерін анықтап, олар туралы қажетті жұмыс жүргізілетінін айтты.
Семинар соңында Институт директоры доцент, доктор Вакур Сумер құрметті қонағымызға алғыс хат пен соңғы жарияланымдарымызды сыйға тартты.