Т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева семинарында Қазақстан және әсіресе Еуропа елдерінде көші-қон мәселелері бойынша ақпарат ұсынды. Жаһандық дәуірде бәрінің де өзгеріске ұшырайтынын атап өткен
Т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева семинарында Қазақстан және әсіресе Еуропа елдерінде көші-қон мәселелері бойынша ақпарат ұсынды. Жаһандық дәуірде бәрінің де өзгеріске ұшырайтынын атап өткен т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева мұндай өзгерістің көші-қонға да тікелей әсер ететінін мәлімдеп, көші-қон ұғымының өте кең мағынада қолданылатынын және оны әр түрлі тұрғыдан зерттеуге болатынын айқындады. Жалпы, көші-қон мәселесіне келгенде этникалық фактор туралы сөз қозғады. Ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі болып табылатын бұл фактордың адамдардың өздері мен отбасылары үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында бір жерден басқа жерге көшуінің ең маңызды факторлардың бірі екенін атап өтті. Көші-қон үдерісінде жіберетін және қабылдайтын екі тараптың болатынын және көші-қонды қабылдайтын елдер тұрғысынан мүдделер мен қауіпсіздікке қатысты бірнеше критерийлердің болғанын мәлімдеді. Бұл критерийлердің ең бастылары – жұмыс күші мәселесі мен ұлттық мәдениет және бірегейлік мәселесіне негізделген кейбір мәселелердің шешімдері. Сондай-ақ, Германия мен Ресей сияқты кейбір елдердің халық санын арттыру үшін басқа елдерде тұратын қандастарын атажұртына үнемі шақыратынын айтты. Сонымен қатар, көші-қон жіберетін мемлекеттердің де бар екенін айқындап, бұл мемлекеттердің мемлекеттік саясат шеңберінде әрекет ететінін тілге тиек етті. Бұған мысал ретінде Үндістан және Қытай елдерін келтірді. Бұл елдерде халық тығыздығы көп болғандықтан кейбір ішкі экономикалық мәселелерді шешу және қаржы ресурстарын үнемдеу үшін өз азаматтарын басқа елдерге көшуге мәжбүр еткенін қоса айтты. Сонымен қатар, Ауғанстан, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Тәжікстан және Украина сияқты кейбір экономикалық тұрғыдан дамымаған мемлекеттердің де жұмыссыздыққа байланысты өз халқын қоныс аударуға мәжбүр еткенін мәлімдеді.
Халықаралық көші-қон жөніндегі ғаламдық комиссияның кейбір зерттеулерін қарастырған т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева әлемде көші-қондардың демографиялық, экономикалық және саяси тұрғыдан зерттелетіні туралы баяндады. Мысалы, «экономикалық тұрғыдан көші-қондар көбінесе мемлекетаралық қарым-қатынастар деңгейінде қарастырылуда. Кейбір елдердің экономикалық жағынан басқа елдерге қарағанда күштірек болуы адамдардың бұл елдерге көшуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, мемлекеттердің демографиялық тұрғыда тең дәрежеде болмауы көші-қонның артуына әкелетін тағы бір фактор болып саналады. Мемлекетте тұрақсыздық пен саяси мәселелердің пайда болуы да халықтарды көші-қонға мәжбүр етуі мүмкін» деп тұжырымдады.
Семинар жалғасында 2001-2013 жылдар кезеңіне арналған Ресей Ұлттық экономика және мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы экономикалық зерттеулер институты тарапынан дайындалып, босқындардың қандай да бір мемлекетке келтіретін зияндары мен қосатын үлестері қарастырылған салыстырмалы зерттеумен бөлісті. Босқындар қандай да бір елге барған кезде, ол елдегі мәдениет пен әлеуметтік құрылымға бейімделуіне көмектесудің маңыздылығын ерекше атады. БҰҰ деңгейінде БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариат пен Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым сияқты екі ұйымның осындай функцияларды атқаратыны туралы баяндады.
Т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева босқындардың басқа елдің құрылымына бейімделуінде жекелеген санаттардың болғанын және олардың әр түрлі факторларды қамтығанын тілге тиек етті. «Босқын басқа елге көшкен кезде әуелі ол елді тамаша бір ел деп санайды. Алайда белгілі бір уақыт өткеннен кейін ол елдің көңілінен шықпағанын түсінеді. Уақыт өте келе мәселелерді еңсеріп, жергілікті құрылымға тез бейімделе бастайды» деп пайымдаған т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева осылайша көші-қон және этно-мәдени бейімделу үдерісі кезінде әрбір босқынның осындай мәселелерге тап болатынына назар аударды.
Қазақстан тәжірибесіне тоқтала кетіп, 1992 жылдың 26 маусымында тәуелсіздік алғаннан кейін елдің көші-қон мен босқындар туралы алғашқы заңын қабылдағанын мәлімдеді. Бұл заңның негізінен шетелде тұратын қазақтардың атамекеніне оралуын қамтамасыз ету үшін қабылданғанын айтқан т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева 2017 жылы қазақтардың заң аясында шет елдерден оралуына 25 жыл болатынын ерекше атап өтті. Т.ғ.д., профессор Бақыт Атантаева Қазақстанның осы бағытта 25 жылдық тәжірибесінің болғанын айқындап, мемлекеттің сырттан келген қазақтарға әр түрлі мүмкіндіктерді қамтамасыз еткенін мәлімдеді.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстанда көші-қон мәселесі, мигранттардың этникалық шығу тегі және ғұламалардың жылыстауы бойынша пікір алмасты.