2017 жылдың 26 желтоқсанында Түркия Парламентінің депутаты Метин Гүндоғду мырза мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза институтымызда болып қайтты. Кездесу барысында институтымыздың қызметкерлерімен танысып, жиналыс өткізді.
2017 жылдың 26 желтоқсанында Түркия Парламентінің депутаты Метин Гүндоғду мырза мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза институтымызда болып қайтты. Кездесу барысында институтымыздың қызметкерлерімен танысып, жиналыс өткізді. Жиналысты Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры құрметті доцент, доктор Вакур Сүмер мырза ашты. Вакур Сүмер мырза жиналыста институттың қызметі туралы ақпарат беріп, институттың Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мақсаты мен міндетіне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқанын айта кетті.
Жиналыс барысында Түркия Парламентінің депутаты құрметті Метин Гүндоғду мырза Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың ағымдағы жай-күйіне тоқталып өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың болашағы туралы ойларымен бөлісті. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың түрлі салаларда одан әрі дамитындығына сенімін білдірді. Бұған қоса, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының жасап жатқан ғылыми зерттеулері арқылы Түркия мен Қазақстанның ғылым саласындағы қарым-қатынастырын нығайтуға ықпал етінін айта отырып, институтымыздың жұмысына сәттілік тілейтіндігін жеткізді.