Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің арнаулы қолдауымен, сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткен семинар-конференцияға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза бастаған құрметті қонақтар мен институты қызметкерлері қатысты.
Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің арнаулы қолдауымен, сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткен семинар-конференцияға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза бастаған құрметті қонақтар мен институты қызметкерлері қатысты.
Конференцияның ашылу сөзін Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер сөйледі. Профессор, доктор Мелахат Білге Демиркөздің ғылым саласындағы еңбек жолына қысқаша тоқталған Сүмер мырза Бас консул Рыза Қаған Йылмазға сөз берді.
Йылмаз өз сөзінде профессор, доктор Мелахат Білге Демиркөздің ғарыштық зерттеулер саласындағы жетекші ғалымдардың бірі екенін айта келе, ғарыш зерттеулері біздің болашағымыз үшін өте маңызды екенін мәлімдеді.
Конференцияда Мелахат Білге Демиркөз «Түркияда ғарыштық радиация тесттерін жасау жобасы: CERN-мен ынтымақтастық» тақырыбын қарастырды. Халықаралық ғарыш станциясындағы Магниттік альфа-спектрометр (AMS-02) сынағы ғарыштық сәулелердің ішіндегі түрлі бөлшектердің ағындарын өлшейтінін және әлемнің құрылымдық блоктары мен бұл радиацияның уақыт ішінде өзгеруіне қатысты бірқатар ақпарат жинайтынын тілге тиек етті. Демиркөз жұмыс тобы қатысқан AMS-02 сынағы нәтижесінде шыққан ақпарат аясында Түркиялық жер серіктеріне әсер ететін ғарыштық радиацияның мөлшері есептелетінін айтты. Сондай-ақ, Анкарада ODTÜ «Шашырамалы шоғырлы желі» (SDH) жобасы мен ғарыштағы радиацияға қарсы электрондық компоненттер мен материалдардың ESA 25100 стандартына сәйкес тесттері жасалатын сынақ алаңы құрылғанын мәлімдеді.
Конференцияда сондай-ақ Демиркөз 30 МэВ-тық протондардың көмегімен алдын-ала жасалған сынақтарда 9 түрлі ұйым мен мекемелер шығарған электроникалар мен материалдарға сынақ жүргізілгенін және радиацияға қарсы қорғанысы өлшенгенін тілге тиек етіп, болашақта CERN мекемесіндегі Жоғары радиацияның үлкен адрондық коллайдері үшін жасап шығарылған электроникалардың сынақтарын да жасау жоспарда бар екенін атап өтті. AMS-02 жобасы мен жоба аясында қол жеткізген нәтижелерін таныстырған профессор Демиркөз ODTÜ-SDH жобасының жобалау, монтаждау және іске қосу сатыларын және қазіргі таңға дейін қол жеткізген нәтижелері туралы мәліметтермен бөлісті.
Конференция соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз баяндамашы профессор, доктор Мелахат Білге Демиркөзге алғыстарын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.