Жарияланымдар

Қазақстанның конституциялық референдумы: “халық үніне құлақ асатын мемлекет”

2022 жылдың 5-маусымы күні Қазақстан Республикасының Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес, референдумға 11 734 642 адамның 7 985 769 (68,05 %) қатысқан. Оның ішінде 6 163 516 азамат «иә» деп дауыс берсе, 1 490 470 адам «жоқ» деп дауыс берген. […]


Ресей-Украина соғысының Германияға ықтимал әсері

2022 жылы ақпан айында Ресейдің Украинаға басып кіруі Мәскеу-Киев қарым- қатынасын ғана емес, жаһандық және аймақтық тепе-теңдіктерді де бұзды. Шиеленіскен сайын барлық Еуропа елдерінің қауіпсіздік бойынша алаңын арттыра түскен бұл соғыс Еуропа-Ресей қарым-қатынасы үшін де бетбұрыс болды. Өйткені Еуропа мен Ресей арасындағы буферлік мемлекет және Еуропалық Одақ (ЕО) мен НАТО-ның […]


Әлеуметтік-мәдени жағдайдағы журналистиканың маңызы

Табысты қоғамның ірге тасы – бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз. Басқа институттарға халықтық бақылау орнатып, қамтамасыз етуі үшін қажетті заң шығарушы, сот және атқарушы билік үшкенінің көмекшісі саналатын баспасөзді «Төртінші билік» деуге болады. Еркін баспасөз биліктің сот, атқарушы билік және заң шығарушы тармақтарының әдейі де, кездейсоқ кемшіліктерін де әшкерелеуге мүмкіндігі […]


Үндістандағы мектеп біліміне COVID-19-дың әсері

COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері әлемнің көптеген мектептері мектеп жабылған кезде оқуды жалғастыру үшін өз қызметін онлайн форматқа ауыстыруға мәжбүр болды. Кейбір елдерде онлайн оқытуға көшу мектептегі білім берудегі кейбір инновациялық әлеуетті ашқанымен, кейбір елдерде ол мектеп жүйесіндегі бар мәселелерді ушықтыра түсіп, білім берудегі теңсіздікті күшейтті. Үндістанның 1,5 миллионнан астам мектепте […]


Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың себептері

2021 жылдың тамызында Талибан Ауғанстанды бақылауға алғаннан бері елде XXI ғасырдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарыс пайда болды. БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және үйлестірушісінің орынбасары доктор Рамиз Алакбаровтың соңғы мәлімдемесіне сәйкес, ауыр аштықтан зардап шегетін адам саны 2021 жылдың шілдесіндегі 14 миллионнан 2022 жылдың наурызында 23 миллионға дейін жетіп, Ауғанстан […]


Қытайдағы шетелдік инвестициялар

Қытайдың экономикалық және саяси ықпалының артуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі шетелдік инвестицияны ынталандыратын экономикалық реформалар болды. Бұл инвестициялар Қытайға өзінің негізгі салаларын дамытуға, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сауданың өсуіне мүмкіндік береді. Қытай экономикасының көтерілуі және айтарлықтай үнемдеу оны ең ірі әлемдік инвесторлардың біріне айналдырды. Сондықтан, бұл сараптамада Қытайдың шетелдік […]


Қазақстанда елді-мекендерді су басу қаупі: мәселенің себебі табиғи фактор ма, әлде антропогендік фактор ма?

Бүгінде өнеркәсіптік революция кезеңінен бастап әртүрлі зиянды газдардың атмосфераға мөлшерден көп тазартылмай шығуы салдарынан қарқынды күшейіп келе жатқан ауаның ластануы жағдайы жаһандық жылыну деңгейінің артуына үлкен себепкер болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сүйенсек, қазір әлемде индустрияландыру кезеңінен бері орташа жаһандық ауа температурасының 1,1°С-қа өскенін байқаймыз. Жаһандық жылыну ауаның орташа […]


Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

1991 жылы Түркі республикаларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, аталған елдерде елшілік ашқан алғашқы мемлекет – Түркия. Түркия мен Түркі республикалары арасындағы тарихтан жеткен мәдени, тілдік, діни және рухани жақындық пен байланыс аталған мемлекеттер арасында қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында елеулі фактор болды. Тарихи кезеңдерге көз жіберсек, Түркия – 1991 жылы 9 қарашада Әзербайжанның […]


Жаңа цифрлық төңкеріс: метаверс негізіндегі ағымдағы өзгерістер

Соңғы жылдары, әсіресе, COVID-19-дан кейін міндетті болып кеткен интернетті пайдалану бос уақытымызды өткізетін және әртүрлі жұмыстарды орындайтын орта ғана емес, сонымен қатар күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Бұл үдерісте біз метаверс сөзін жиі естиміз. Егер метаверс сөзін түсіндіретін болсақ, оны қарапайым тілмен үш өлшемді (3D) виртуалды әлем ретінде сипаттай аламыз. […]


Күнделікті өмірдегі мифология: Түркістан киелі жерлерін зерттеу тұрғысында

Түркістан тарихы мен мәдениетін зерттеу көптеген ғылыми бағыттардың ортақ сабақтастығын қажет етеді. Бұл негізінен археология, этнография, әлеуметтану және басқа да қоғамдық ғылымдарды қамтиды. Соның ішінде Түркістанның мәдени ерекшеліктерін, өңірдің киелі жерлерін, аңыздарын мифологиялық тұрғыдан талдау халықтың мифтік санасындағы өзгерістерін сипаттайды. Алғашқы кезеңде адамның өмір тіршілігіндегі мифологияның орны мен қызметі және […]