Ахмет Ясауи Университеті Өкілетті кеңесiнiң төрағасы, профессор Осман Хората, ректор өкілі, профессор Мехмет Куталмыш және Еуразия ғылыми -зерттеу иститутының директоры, доцент Невзат Шимшек, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғаш рет 2003 жылы іске асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының 10 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Бұл жоба 2003 жылы алғаш рет жүзеге асырылып екі жылға есептелген болатын, бiрақ кейін 2007-2009 және 2009-2011 жылдары арасында жалғасын тапты. Бағдарламаның мақсаты елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту және шет елдерде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу шараларын жүргізу. Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру механизмacын әзiрлеу, мәдени туризмді дамыту және тарихи-мәдени мұралардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа танытуды көздеп отыр.
Қазақстан ғылымының гуманитарлық саласының теориялық және ғылыми негізін нығайтумен қатар Қазақ халқының тілі мен мәдени мұрасын халықаралық аренада насихаттаудың бiрыңғай механизмacын дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырудағы күтілген нәтижелердiң бірі болып саналады. Осымен қатар мәдениет саласындағы шетелдiк ғылыми-сараптамалық орталықтармен iскерлiк байланыстар орнату және бағдарлама аясында жиналған мәлiметтердi орта және жоғарғы оқу орындарының оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгiзілуіне мүмкіндік береді. Осы орайда, 2015 жылы 27 ақпан күні өткен бағдарламада 10 жыл ішінде қол жеткізілген табыстар талқыланды және катысушыларға ақпарат берілді.