2015 жылдың 7-желтоқсанында Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі доктор Невзат Уянык Алматы қаласына жасаған сапары барысында Еуразия Ғылыми-зерттеу институтын аралады. Институт жұмысымен танысу барысында институт қызметкерлерімен танысып, институттың мүмкіндіктері жайлы мәлімет алған соң институт директоры доцент, доктор Невзат Шимшек Еуразия Ғылыми-зерттеу институты шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Институт директоры өз баяндамасында Қазақстан және Еуразия аймағындағы түрлі сарапшы мамандар және ғалымдармен, түрлі ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орната отырып конференция, семинар және семинар-практикумдар ұйымдастырылғанын айтып өтті. Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі доктор Невзат Уянык, институттың жобалары мен іс-шаралары туралы өз пікірі мен ұсыныстарын жеткізіп, Астанадағы кейбір университеттер мен ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастық орната отырып институттың Астана қаласында да түрлі іс-шаралар өткізуінің маңыздылығын атап өтті.