(Таяу Шығыс пен Түркістандағы шиеленіс жаһандық қақтығысқа алып келуі мүмкін бе?)
Доц., доктор Мехмет Акиф Окур «Таяу Шығыс пен Түркістандағы шиеленіс жаһандық қақтығысқа алып келуі мүмкін бе?» атты семинарында жалпылай бүгінгі халықаралық аренадағы күш теңдігі, ғаламдық державалардың стратегиясы мен халықаралық қатынастар теорияларына тоқталып өтті. Ғаламдық күштердің қақтығысу мүмкіндігін екі тәсілмен түсіндірді. Реализм мен нео-реализм теорияларына негізделе отырып жаһандық державалар арасында күш теңдігі болған жағдайда қақтығыс мүмкіндігі аз болатынын айтты. Бірақ Органскидің 1950-шы жылдары айтқан «күштің өтуі» тұжырымдамасы бойынша екі түрлі фактор тоғысқан жағдайда қақтығыс болуы мүмкін. Яғни, егер жүйе ішінде бір күш көшбасшы державаға экономикалық тұрғыда жақындап, өзінің халықаралық аренадағы жағдайына риза болмаса қақтығыстар болу мүмкін.
Органскидің болашақ проекциялары туралы баяндап, Қытай және Үндістан сияқты елдердің болашақта ірі державаларға айналатынын айтты. Органскидің бұл пікірі бойынша елдер өз қуатын тек ішінен арттыра алады және бұл қуаттың артуында өнеркәсіп пен халық маңызды факторлар болып табылады. АҚШ-тағы сараптама орталықтарында 2010 жылдан бастап Органски идеялары қайтадан танымал бола бастағандығына назар аудара келе, Қытайдың АҚШ-қа экономикалық тұрғыда жақындауынан қақтығыс бола ма деген сұраққа жауап ізделіп жатқандығын айтты. АҚШ-тың Органскидің идеяларынан экономикалық қашықтықты ашық ұстау және бұл күштердің халықаралық жүйенің бір бөлігі ретінде сезінуін қамтамасыз ету сияқты екі нақты нәтиже шығара алатынын мәлімдеді.
Обама билігі арқылы бұл тәсілдің АҚШ саясатында үстемдік еткендігін мәлімдеген доц., доктор Мехмет Акиф Окур АҚШ-тың Ирак және Ауғанстан сияқты аймақтардан шегінуін және Сирия дағдарысына араласпауын келесідей түсіндірді. АҚШ өзіне гео-саяси тұрғыдан ықпал етпейтін аймақтардан шегініп, экономикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз еткендігін, сондай-ақ басқа да ірі аймақтық державаларды қуаттарын көрсетуі үшін осы аймаққа тартқандығын және олардың осы жолмен әлдеқайда көп ресурстар тұтынады деп есептегендігін айтты. Ресейдің Сирияға келуін осыған мысал ретінде келтірді. Осылайша, олардың экономикалық қуатын азайтып, рөл ажыратқыш ретінде беделін арттыруға мүмкіндік беретін бағытта пікірлерін білдірді.
Бүгінгі таңда осы күштердің барлығы тікелей кездесудің орнына, бір-бірімен жаңа әдіс болып саналатын гибридті соғыс әдістері арқылы соғысып жатқандығын айтты. Бұл үлгі дәстүрлі, дәстүрлі емес және ақпараттық соғыстардың бірлесуінен пайда болды деп мәлімдеді. Ресей Қырымға басқыншылық жасағанда дәстүрлі емес және ақпараттық әдістерді пайдалана отырып, Ресейдің бірыңғай арнайы күштерінің Қырымға басып кіруін және бұл басқыншылықтың қырымдықтардың өздері қалағандай жарнамалануын осы жаңа гибридті соғыс түріне мысал ретінде көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар АҚШ, Ресей және Қытай сыртқы саясаты туралы пікір алмасты.