Аймақтық интеграция географиялық жақындық, экономикалық біртұтастық және ұқсастық, сондай-ақ мәдени-идеологиялық қарым-қатынас сияқты бірнеше шарттарға негізделеді. Бұл саяси жүйелерді, келіссөз процестерін және әлеуметтік құрылымды жеңілдетеді.
Әбілқайыр Жүнісбек семинарында 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы Орталық Азияның бес республикасының (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) тәуелсіздікке жол ашқанын және аталған республикалардың табысты аймақтық интеграция үшін ортақ саяси, экономикалық және мәдени байланыстар сияқты барлық қажетті алғышарттарға ие болғандығын айтты. Кеңестік кезеңнің әсері Орталық Азия елдеріне аймақтық интеграцияны дамытуға жол бермеді. Соңғы екі онжылдықта Орталық Азияда әртүрлі аймақтық ұйымдар құрылды, бірақ әлі күнге дейін Орталық Азия институттары мен ұйымдарына кірмейтін аймақтық елдер баршылық. Ол Орталық Азия елдері бір-бірімен емес, Қытай және Ресей секілді аймақтық державалармен көбірек интеграцияланғанын атап өтті.
Әбілқайыр Жүнісбек өз баяндамасында аймақаралық ынтымақтастықты қиындататын көптеген факторларды, соның ішінде Орталық Азия елдері ынтымақтастығының өзекті мәселелерін қарастырды.
Семинардан кейін Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент міндетін атқарушы, профессор Вакур Сүмер мен институт ғылыми қызметкерлері Орталық Азиядағы аймақтық интеграция мәселелері бойынша пікір алмасты. Доцент міндетін атқарушы, профессор Вакур Сүмер Қытайдың Орталық Азия аймағындағы маңызды актор болғанын мәлімдеді. Ол Қазақстанның аймақтағы географиялық жағдайы қолайлы болғанын және бұл жағдайдың Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік нүкте ретінде Қазақстанның рөлін арттырғанын атап өтті.